Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ докторанттарының Каролинск университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

ҚММУ докторанттарының Каролинск университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

06 Қыркүйек 2017

Еуропадағы атақты медицина университеттерінің бірі (Флеминсберг, Швеция)  Каролинск университетінің госпиталінде Жандос Муратович Койшибаев пен Лейла Мейрамовна Койшибаева 2017 жылдың 14-26 тамызы аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдама бөлім меңгерушісі MD, PhD, профессор Габриэль Сандблумның басшылығымен жедел хирургия бөлімшесінде (akute) өтті. Сонымен қатар, Габриэль Сандблум Жандос Муратович Койшибаев пен Лейла Мейрамовна Койшибаеваның докторлық диссертациясының шетелдік ғылыми жетекшісі болып табылады. 

Бүгінгі таңда Сольна және Худдингте орналасқан Каролинск университетінің ауруханалары университетпен білім беру және зерттеу мекемелері ретінде байланысты. Төсек-орын қоры 1600 төсекке есептеліп, науқастар саны жылына 1,3 млн.-ға жетеді. Госпиталь  ауқымды көлемі, мүмкіндіктері, науқастарға жоғарғы қызмет көрсету сапасы, медициналық қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар, науқастардың туыстарына да ыңғайлы жағдай жасалуымен таңғалдырады. Әр бөлімше арнайы дизайнмен жасалған. Науқастарға жоғарғы деңгейде жағдай жасалған, атап айтқанда әрбір бөлімде науқастарға арналған демалыс орны және асхана бар. 

Ауруханада, тіпті бүкіл Швеция бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  барлық жағдай қарастырылған. Мұнда әлемге әйгілі медициналық барлық жаңа технологиялар: гамма-пышақ, PET және CT технологияларымен байланысқан мүшелерді сканерлейтін камера,зиянды радиоактивті сәуле өткізбейтін MRI камерасы, хирургиялық роботтар бар. 

Тәжірибе барысында кейбір хирургиялық оталарға, соның ішінде 3D режимінде өткен өңеш обырын лапароскопиялық жолмен жою отасына қатысуға мүмкіндік болды. Барлық құжаттар электронды түрде жүргізіледі. Арнайы карточкасы арқылы медициналық қызметкерлер ғана қол жеткізе алатын, әр науқастың арнайы шифры бар.

Тағылымдамадан өту барысында Швециялық әріптестер алдында докторлық баяндама қорғалды. Жұмыс барысында жетекшімен  бірге  докторлық диссертацияның алдын ала қорытындылары талқыланып,  зерттеу нәтижесі бойынша мақала жазылды.

21-25 тамыз аралығында халықаралық конференцияға және жыл сайынғы Kirurgveckan JKPG 2017 Швециялық хирургтар съезіне қатысып, постерлық баяндама тезис түрінде жарияланды.

Ғылыми тәжірибе алуға мүмкіндік жасағаны үшін ҚММУ ректоры Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетоваға және тәжірбие өту барысында баға жетпес білім бергені үшін шетелдік ғылыми кеңес беруші MD, PhD, профессор Габриэль Сандблумға алғысымыз шексіз.


0
6127

пікірлер

пікір қалдыру үшін.