Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пуатье университетінің (Франция) профессорларымен кездесу

Пуатье университетінің (Франция) профессорларымен кездесу

31 Тамыз 2017

2017 жылдың 29тамызында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында профессорлар Поль Сейт және Бриджит Ванниердің (Пуатье Университеті, Франция) биологиялық бағыттағы кафедралардың қызметкерлерімен кездесуі өтті. Пуатье университетінің профессорлары 2017 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне жұмысқа орналастырылды.

Профессор Поль Сеит және Профессор Бриджит Ванниер кіріспе дәрістер оқыды, сонымен қатар биологиялық бағыттағы кафедралардың қызметкерлерімен Биология мен Биоинформатика бойынша ғылыми зерттеулер және оқу үдерісін ұйымдастыру туралы талқылау жүргізді.  Кездесу соңында профессор Поль Сеит пен профессор Бриджит Ванниер ғылым және білім бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасап шығарды.

 ҚММУ Пуатье университетімен бірге 2014 жылдан бастап белсенді түрде жұмыс жасап келеді. 2016-2017 оқу жылдары ішінде Erasmus+ бағдарламасы аясында Пуатье университетінде ҚММУ-нің  1 PhD докторантура студенті оқудан және 2 ПОҚ мен 2 ӘБҚ тәжірибеден өтті. Магистратураның 6 студенті үшін 10 күндік тағылымдама ұйымдастырылды. Пуатье университетінен ҚММУ-не Erasmus+ бағдарламасы аясында екі профессор мен 1 ӘБҚ академиялық ұтқырлығы ұйымдастырылды.


0
6182

пікірлер

пікір қалдыру үшін.