Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ – тиісті клиникалық тәжірибе стандартына сәйкестікке (GCP) сертификатты Қазақстанда алғаш болып алды

ҚММУ – тиісті клиникалық тәжірибе стандартына сәйкестікке (GCP) сертификатты Қазақстанда алғаш болып алды

05 Қыркүйек 2017

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауМинистрлігі ФармацияКомитетінің  Фармацевтикалық инспекторатыҚарағанды мемлекеттік медицина университетінің екі клиникалық базасынаТиісті клиникалық тәжірибе стандартына сәйкестіккесертификат берді.  Университеттің Медициналық орталығы және Стоматологиялық клиникасы дәрілік құралдардың клиникалық зерттеулерін (I-IV фазалар) және биоэквиваленттілік зерттеулерінжүргізуге, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және  медициналық техниканың клиникалық зерттеулерін жүргізуде құзыретті деп танылды.  

ҚММУдәрілік құралдардың, медициналық бұйымдар мен техниканың адамдар қатысатын клиникалық зерттеулерін жоспарлап, жүргізу сапасының этикалық және ғылыми стандартының қатаң сақталуын қадағалайды, зерттеуге қатысушылардың құқықтары, қауіпсіздігі және амандығы үшін, шынайы мәліметтердің алынуы үшін жұмыс істейді.

ҚММУ алған GCP сертификаты — бұл пациенттер мен серіктестер алдында университетбеделі, клиникалық зерттеулерді орындаудағы артықшылығы болып табылады.  



0
6438

пікірлер

пікір қалдыру үшін.