Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының семинар-кеңес

Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымының семинар-кеңес

01 Тамыз 2017

27-28.07.2017ж. Орталық негізінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен Қазақстанда жұмыс істеушілердің денсаулығын қорғау сұрақтарына арналған семинар-кеңес өтті. Семинарға Орталық өкілдері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің және Қарағанды облысы бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау Комитетінің  қызметкерлері қатысты. Семинарды БҰҰ Еуропа өңірлік бюросының қоршаған орта және денсаулықты қорғау бойынша Еуропалық орталығының жетекшісі  доктор Элизабет Паунович (Бонн қ, Германия) және академик Н.Ф. Измеров атындағы «Медицины труда» ғылыми-зерттеу институтының директоры профессор Игорь Валентинович Бухтияров (Мәскеу қ, Ресей) өткізді.

Сонымен қатар өткізілген семинар шегінде доктор Э. Паунович және И.В. Бухтияров Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне барып, ректор Р.С. Досмагамбетовамен кездесті. Кездесу барысында профпатолог мамандарын дайындау жайлы өзекті сұрақтар қойылып және жеке түрде Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің мамандарын дайындау сәттері талқыланды.


0
6104

пікірлер

пікір қалдыру үшін.