Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әскери ант қабылдау

Әскери ант қабылдау

18 Шілде 2017

2017 жылдың 16 шілдесінде Спасск кентінде курсанттардың Әскери ант қабылдау шарасы болып өтті.  Биылғы жылы 141 курсант ант қабылдады. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Әскери кафедраның басшысы,  м/қ полковнигі А.М. Мухаметжанов сөз сөйледі. Әскериант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты шараға «Астана» өңірлік  қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары  А.Ж. Уразбаев, ҚММУ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанский, Жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Д.Т. Оспанова, ҚарМУ алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы, запастағы  подполковник Т.Б. Елемесов, ҚарМУ география кафедрасының меңгерушісі С.А. Талжанов, сондай-ақ, курсанттардың ата-аналары мен жақындары шақырылды. 

Қатысып отырған қонақтар университет әкімшілігіне және әскери кафедраның қолбасшылығына балаларына жоғары тәрбие мен білім бергені үшін, сондай-ақ, өткізілген шара үшін алғыстарын білдірді.

Әрбір курсант Қазақстанның Қарулы Күштері қатарына енуін саналы түрде ұғынып, салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Аталмыш мемлекеттік акті әрбір курсант өміріндегі үлкен өзгеріс және шынайы тарихи күн болды.

Әскери ант қабылдау рәсімінен кейін курсанттарға  ҚММУ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры В.Б. Молотов-Лучанский, «Астана» өңірлік  қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары  А.Ж. Уразбаев, алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы, запастағы  подполковник Т.Б. Елемесов, ҚарМУ география кафедрасының меңгерушісі С.А. Талжанов, ата-аналардың ішінен  курсант Т. Саматовтың атасы, еңбек ардагері С. Канафин,  курсант Б. Таджикуловтың анасы Г.Э. Халметова,  студенттер қатарынан әріптестерін ҚММУ «Самұрық» СР  президенті,  4-оқу взводының командирі Т. Саматов және 3-оқу взводының курсанты С. Темиршиков құттықтады.

Курсант қыздар мен қыздардың орындауындағы  «Атамекен» және «Сарбаздар» патриоттық әндерімен салтанатты марш өтті. Бұдан кейін кафедра басшысының рұқсатымен курсанттардың ата-аналары мен жақындары осындай тарихи сәтті фотоға түсіру және курсанттарды ант қабылдауымен құттықтауға мүмкіндік алды.


0
6208

пікірлер

пікір қалдыру үшін.