Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті Жүнісов Ержан Сейполұлының академиялық ұтқырлығы аясында АҚ Астана Медицина Университетіне сапары.

ҚММУ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті Жүнісов Ержан Сейполұлының академиялық ұтқырлығы аясында АҚ Астана Медицина Университетіне сапары.

10 Шілде 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және АҚ Астана медицина университеті АҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1 мамыр-12 мамыр 2017 жылғы аралықта жұқпалы аурулар кафедрасынан профессорлар- оқытушылар құрамы арасында, ҚММУ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті Ержан Сейполұлы Жүнісов болды. Астана медицина университеті АҚ Е. С. Жүнісов болған уақытта инфекциялық патология (жатыр ішіндегі TORCH жұқпалар, аса қауіпті жұқпалар) бойынша өзекті мәселелері жайында оқыды, сондай-ақ, «ІА 6 - 695» топ интерндеріне тәжірибелік сабақтар және СОӨЖ 2 кредит көлемінде курсқа сабақ жүргізді.

CBL, TBL, RBL, инновациялық әдістемелерді оқыту ретінде сабаққа пайдалана отырып, Астана медицина университеті АҚ оқытушылардың мен студенттердің үлкен қызығушылығын туғызды. «АМУ» АҚ эпидемиология және иммунология жұқпалы аурулар кафедрасында Е. С. Жүнісов, интерактивті әдістермен оқыту, оқу журналдармен оны жүргізу құжаттамасымен және қағидасымен танысты. Өз кезегінде Ержан Сейполұлы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ғылыми және медициналық кадрларды, кафедра мен интерндерді даярлау жүйесімен таныстырды.

2017 жылғы 11 мамырда CASE –BASED LEARNING форматында симпозиумның сабақ әдісін қолданумен бірнеше топ интерндерімен дәрігерлерінің қатысуымен «менингеалды синдроммен қатар өтетін аурулар» тақырыбында сабақ өткізді. 2017 жылғы 12 мамырда ІА 6 – 695 тобында RESEARCH-BASED LEARNING (RBL) әдістемесі бойынша «Аса қауіпті инфекциялар. Дәрі-дәрмектік терапиямен диагностикасының және заманауи қағидалары» тақырыбына тәжірибелік сабақ өткізді. Сабақ барысында әдістеменің негізгі тұстары мен артықшылықтары көрсетілді. Нәтижелері бойынша сабақ барысында «Аса қауіпті инфекциялар. Сібір жарасы» тақырыбына өткізілген студенттердің ғылыми эсселері ұсынылды. Белсенді оқыту әдістері өте тиімді мамандарды дайындауда. Өткізілген сабақтар нәтижесінде студенттер тарапынан оң пікірлер айтылды. Студенттердің пікірінше, өткен оқу материалдарын меңгеру және бекіту, түсіну, оқытудың белсенді әдістері жеңілдетеді. Клиникалық проблеманы шешуден басқа, TBL және CBL, коммуникативтік дағдыларға да, командада жұмыс істеуге теориялық білімдерді пайдалана отырып өзара түсіністік дағдыға үйретеді. RBL әдісімен өткізілген сабақтары студенттерге ғылыми – бағдарланған дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, ғылыми әдебиеттермен, жарияланымдармен, ғылыми интернет – ресурстарымен жұмыс және жұмыс қорытындысы бойынша ғылыми мәтіндерді, тезис, эссе жазу.

Оқу қызметімен қатар Ержан Сейполұлы АҚ «АМУ» жұқпалы аурулар, эпидемиология және иммунология кафедрасының емдеу жұмысына қатысқан. Кафедра меңгерушісімен және доценттерімен клиникалық ауруларды қарап өтуінде, қиын клиникалық жағдайларды талдауында және консилиумде қатысқан.

ҚММУ ректоры Р. С. Досмағамбетоваға академиялық ұтқырлық аясында ҚР және шетел жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуға мүмкіндік жасағаны үшін, сондай-ақ, АҚ АМУ жұқпалы аурулар, эпидемиология және иммунология кафедра меңгерушісі Ш.А. Кулжановаға шырайлы қабылдауларыңыз және тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасағаны үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

Академиялық ұтқырлық, аясында ынтымақтастығы жоғары оқу орындары және университеттердің бөлімшелері арасындағы байланыстарды оқу, ғылыми, клиникалық аспектілерінде нығайтуға ықпал етедіндігіне, біз сенімдіміз.


0
6615

пікірлер

пікір қалдыру үшін.