Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-нің «International Education Fair 2017» білім жәрмеңкесінде қатысуы

ҚММУ-нің «International Education Fair 2017» білім жәрмеңкесінде қатысуы

28 Маусым 2017

2017 жылдың 23-24 маусымында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастыруымен  «International Education Fair 2017»  халықаралық білім жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шарада Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті қатысты. 

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жоғары білім саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ортақ білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы тәжірибемен алмасу, сонымен қатар тегін және қолжетімді шетелдік білімді дәріптеу болып табылады.

   Жәрмеңкеде  98 шетелдік жоо, 87 отандық жоо, сонымен қатар түрлі білім  агенттіктері қатысты. Шетелдік университеттердің ішінде келесі елдердің ЖОО-лары таныстырылды: Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Финляндия, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада, Германия, Швейцария, Малайзия, Испания, Италия және т.б.

  Жәрмеңке барысында Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті Скандинавия академиялық ұтқырлық институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, аталған меморандум ҚММУ-нің студенттері мен оқытушыларын Финляндияның университеттеріне «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі», «Фармация» мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлығын ары қарай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар келесі ЖОО-лармен келісімдерге қол қою жоспарлануда:  Рас Аль Кхаймах  Американ Университетімен (БАӘ), Шығыс Қытай ғылым және технологиялар университетімен (Қытай), Мичиган Мемлекеттік Университетімен (АҚШ), Рединг қ. Университетімен (Ұлыбритания), Перпиньян Виа Домитиа қ. университетімен (Франция), Джиао Тонг Шанхай университетімен (Қытай), Уотерлу қ. Университетімен (Канада), Ренисон Университеттік колледжімен (Канада). 


0
5908

пікірлер

пікір қалдыру үшін.