Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пуатье Университетінің (Франция) профессоры Патрис Ноданның Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясындағы ҚММУ-не академиялық ұтқырлығы

Пуатье Университетінің (Франция) профессоры Патрис Ноданның Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясындағы ҚММУ-не академиялық ұтқырлығы

27 Маусым 2017

2017 жылдың 19 мен 23 маусым аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетіне Пуатье Университетінің (Франция) ғылыми факультетінің халықаралық қатынастар бойынша деканының орынбасары Патрис Нодан келіп кетті.

Профессордың сапары Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында өтті.

Пуатье Университеті ҚММУ-нің басты серіктестерінің бірі болып табылады. Екі жоо-ның арасындағы ынтымақтастық Erasmus+ бағдарламасы аясында бастау алды. Екі жақты өзара белсенді әрекеттестіктің нәтижесінде 2017 жылдың 13 маусымында екіжақты ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. 

2017 жылы ҚММУ-нің ӘБҚ-нен 3 өкіл (Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімінің бастығы – С. Б. Қасымова, ҮДФ деканының орынбасары – А. Б. Бокаева және Жалпы медицина және стоматология факультетінің 1 курс деканының орынбасары – А. С. Байменова) және 1 оқытушы (молекулярлы биология кафедрасы – аға оқытушы А. Б. Николаева) Пуатье Университетіне француз тарапының басқарудағы, оқыту және зерттеудің түрлі салаларындағы тәжірибесін үйрену мақсатында іс-сапарға барып қайтты.  Өз кезегінде, біздің университетке Пуатье Университетінің екі профессоры – Брижит Ванье мен Поль Сеит 2017 жылдың мамыр айында келіп кетті. Сапардың нәтижесінде ҚР ДМ-нің 2017 және 2018 ж. арналған бағдарламасы бойынша ҚММУ-не шетелдік мамандарды тарту бойынша позициясына кандидатуралары ұсынылды.

Профессор Патрис Ноданның келуі екіжақты тәжірибемен алмасудың қисынды жалғасына айналды. Сапар барысында Пуатье Университетінің профессоры Патрис Ноданмен ҚММУ-нің Ректоры Р. С. Досмағамбетованың, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры А. А. Тұрмұхамбетованың кездесуі болды. Профессор Қарағанды мемлекеттік медицина университетімен таныстырылды: сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімімен таныстырылды. Сонымен бірге, Патрис Нодан деканаттардың ұйымдастырушылық құрылымы және жұмысын, оқу-әдістемелік жұмысы Департаментінің жұмысын бағалады.

Жұмыс бағдарламасынан бөлек, профессорға мәдени бағдарлама да ұсынылды, профессор «КарЛаг» мұражайы мен Қарағанды қ. Француздық Альянсына барды.

Профессордың сапары ҚММУ мен Пуатье Университетінің Erasmus+ бағдарламасы аясында халықаралық кредиттік ұтқырлықтың грантын тағы жеңіп алғандығы туралы хабарламамен аяқталды.


0
6382

пікірлер

пікір қалдыру үшін.