Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Педиатрлардың жазғы мектебі

Педиатрлардың жазғы мектебі

26 Маусым 2017

№2 балалар аурулары кафедрасында 2017 жылдың 15-16 маусым күндері аралығында м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі Б.Т.Тукбекова жетекшілігімен алғаш рет тəжірибелік сабақ жазғы мектепте өтті. Бұл жазғы мектеп жобасының ұйымдастырылуында,  №2 балалар аурулары кафедрасының ассистенті интерн-педиатрлардың кураторы Г.А. Сарманкулова, кафедра ассистенті Т.А.Кирьянова және кафедра лаборанты Г.Ж. Құдайбергенова ат салысты. Сонымен қатар "педиатрия", "ЖТД", "Акуршерлік жəне Гинекология"  бағыттарындағы интерндер мен резидент-неонтологтар қатысты. Сабақ ҚММУ-дың Топардағы "Медик" демалыс орнында өтті. Жазғы мектептің негізгі мақсаты студенттерге ИБВДВ бағдарламасының педиатрия саласындағы маңыздылығын түсіндіру болды. Бірінші күні Б.Т.Тукбекова "Педиатриядағы кідіріссіз көмек" тақырыбына дайындаған,балалардағы түрлі кідіріссіз жағдайлардағы көмек алгоритмі баяндалған дəрісі болды. Студенттер балалардағы кідіріссіз көмекті қажет ететін жағдай қауіптілігінің жалпы белгілерімен танысты.

Студенттер дəрістен алған білімді бала манекенде тəжірибе жүзінде жасап нақтылады. Сонымен қатар, Б.Т.Тукбекова қосымша сұрақтар қойды; əрбір сұрақ жауабы əрі кешіктірілмей, əрі толық берілді. Сабақтың келесі бөлімінде Г.А. Сарманкулова жетекшілігімен қызықты клиникалық жағдайлық есепті талқылау жүргізілді. Есепті талқыламас бұрын қатысушыларға рөл тағайындалды.  Есеп барысында қатысушылар жедел жəрдем бригадасы келгеннен стационарға дейінгі жасалатын көмекті көрсету қажет болды. Мұнда бала, анасы, жедел жәрдем бригадасындағы дəрігер, фельдшер, қабылдау бөліміндегі дəрігер, медициналық аға рөлдері берілді. Жəне де əрбір интерн өзіне берілген рөлді жоғарғы біліктілікпен орындап шықты. Яғни есеп талқылау барысында коммуникативтік дағдылары, шағым жинау алгоритмін білу деңгейі, зерттеу барысындағы дифференциялды диагностикасы алгоритмін білу деңгейі, сонымен қатар əр кезендегі көмек көрсету деңгейлерін өте жоғарғы дəрежеде көрсете білді.Қорытындыны ойынға қатыспаған барлық басқа бағыт интерндері жасады. Олар есеп талқылау барысында тек мардымсыз қателер ғана жіберіліп, жалпы үлкен шеберлікпен атқарылып шықты деген шешім шығарды. Искра Ярослав, ЖТД1 интерні: «есепті талқылау барысын бақыланды, білім негіздері өте жақсы екені көрініп тұр. Əсіресе анасынан жиналған анамнездің нақтылығы өте жоғарғы дәрежеде болды. Айтарлықтай қателіктер жіберілмеді. Келекшекте нағыз тəжірибеде мүлдем қателіктер жібермеулерін алдын алу мақсатында, ойын барысында жіберілген мардымсыз қателерді атап өте аламыз» деді. Кешке Б.Т.Тукбекова миға жаттығу мақсатында тағы да ойын ұйымдастырды.

Ол үшін қатысушылар интерн-педиатрлардан 2 топ, резидент-неонтологтардан 1 топқа бөлінді. Бибигуль Толеубаевнаның жетекшілігімен 3 топқа клиникалық жағдайлық есептер тағайындалды. Есептер əдеттегідей көпфункциональды болғандықтан, түрлі зерттеу жəне диференциалды диагностикалау тəсілдерін, клиникалық диагнозды дұрыс қоюды, ем жəне диета тағайындай алуды,сонымен қатар түрлі жастағы балаларға тәуліктік тағам мөлшерін есептеуді қажет етті. Əр топ лидерлері өздеріне берілген есеп соңындағы қойылған сұрақтарға жауаптарын тезис ретінде дайындап, өз жауаптарын қорғап болған соң, басқа бағыт интерндері мен ойын ұйымдастырушысы Б.Т.Тукбекова құралған сараптамашылар барлық топ ойыншыларының жауаптары толық қанағаттанарлық болып, 3 топқа да "Жақсы" деген өз бағаларын берді. Бұл сабақ барысынан бөлек, демалуға да мүмкіндік болды. Дем алушылар жергілікті су қоймасына шомылып,  түрлі спорттық ойындар (волейбол,стол теннисі) ойнап, осы демалыс орнының дəмді тағамдарынан дəм татты. Студенттер кешкілік келе жатқан "Медицина қызметкерлер күніне" орай, ұйымдастырлушыларға алғыстары ретінде, кəуап пісірді. Жалпы барлығына демалыс өте қатты ұнады. Барлығы жаңа достар тапты,  өткізілген дəріс пен ойындар арқылы білімдерін нығайтты, яғни пайдалы істі жанға жайлы іспен біріктіре алды.

М.Сулейменов,

А.Ламзина

интерн-педиатрлар


0
6116

пікірлер

пікір қалдыру үшін.