Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Erasmus+ бағдарламасы аясындағы Пуатье Университетіне (Франция) академиялық ұтқырлық

Erasmus+ бағдарламасы аясындағы Пуатье Университетіне (Франция) академиялық ұтқырлық

22 Маусым 2017

Ағымдағы жылдың 27 мамырынан 9 маусымына дейін Erasmus+ бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары А.С. Байменова және микробиология кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Николаева Пуатье Университетіне, Францияға тағылымдамаға жіберілді.

Пуатье Университеті көпғасырлық тарихқа ие және Францияның ежелден келе жатқан университеттерінің бірі болып саналады. Университетте Франция және әлемнің түрлі елдерінен шамамен 25000 студент оқиды. Оқыту көбінесе француз тілінде жүзеге асырылады. Университетте мамандарды дайындау кредиттік технология бойынша 7 факультетте, 2 мектепте және 5 институтта жүргізіледі.


Тағылымдама барысында ҚММУ қызметкерлерінің Университеттің әкімшілік корпусындағы, медицина және фармация факультетіндегі, университет жанындағы симуляциялық орталықтағы, Пуатье ауруханасындағы әріптестерінің жұмысын көріп, танысуға мүмкіндіктері болды.

ӘБП қызметкері ретінде А.С. Байменова жоғары медициналық мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері, университет пен деканат құрылымдары, студенттермен әртүрлі бағыттарда (тәрбие, ғылыми-зерттеу, академиялық) жүргізілетін жұмыстар бойынша ақпарат алынды.

Екі ЖОО-ң микробиология кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрам арасында тәжірибе алмасу нәтижесінде жинақталған ақпараттық мәліметтерді талдай отыра, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеуде және микробиологияның бірқатар өзекті сұрақтары бойынша оқып жатқан студенттерге кеңес беруде жоғары ынталандыратын қарымының бар екенін атап өтуге болады.


Қызықты ақпаратты алуға және тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар жаңа ортақ бағдарламалар мен жобаларды жасауға мүмкіндік беретін,  бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берген ЖОО әкімшілігіне ерекше алғыс білдіргіміз келеді.

А.С.  Байменова, жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары; А.Б. Николаева, микробиология кафедрасының аға оқытушысы

0
5961

пікірлер

пікір қалдыру үшін.