Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУЫМЕН ІХ КАРДИОЛОГТАР КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУЫМЕН ІХ КАРДИОЛОГТАР КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУ

21 Маусым 2017

2017 жылдың 7-10 маусымында Алматы қаласында ішкі аурулар және кардиология ҒЗИ – ның 40 жылдығына орай халықаралық қатысуымен Қазақстан Республикасының IX кардиологтар конгресі өтті. Конгресс  шеңберінде  кардиологияның өзекті сұрақтары талқыланды, отандық кардиологияның соңғы ғылыми инновациялық жетісіктері көрсетілді, АГ, ЖИА жүргізу жөнінде соңғы халықаралық нұсқаулар баяндалды. Мастер – кластар, «Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу мәселелеріне жаңа көзқарас», «Қант диабетінің 2 типіндегі коморбидті патологиясы бар науқастарды емдеу кезіндегі қазіргі заманғы тәсілдер» тақырыбында дәрістер жүргізілді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  атынан 2 оқу жылындағы докторанттар Е.Б. Искаков, О.А. Вистерничан «АМСКК деңгейінде ЖҚА алдын алу технологияларын бағалау» (Е.Б. Искаков ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Қ.Ә Әлиханова.), «Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда пуринді алмасудағы катаболиктердің болжамдық маңызы» (О.А. Вистерничан ғылыми жетекшілер м.ғ.д., профессор Д.Ж. Тайжанова, б.ғ.д. профессор Л.Е. Муравлева) тақырыптарында стендтік баяндамалар көрсетті. Конгресс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді. 

0
5752

пікірлер

пікір қалдыру үшін.