Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дипломдық жұмысты қорғау алғаш рет ағылшын тілінде өтті!

Дипломдық жұмысты қорғау алғаш рет ағылшын тілінде өтті!

21 Маусым 2017

2017 жылдың 19 маусымында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 5В110200 бакалавриат «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында практикалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен комиссия мүшелері қатысты. 

Түлектер өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін баяндады, соның ішінде ағылшын тілінде қорғаған 5-007 топ студенті Жумагалиев Аян Сайрашевичті ерекше атап өткіміз келеді. Дипломдық жұмыстарды қорғау отырысына шет тілдер кафедрасының меңгерушісі В.А. Бурмистрова және халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімінің басшысы С.Б. Касымова шақырылды. Олар студентке ағылшын тілінде сұрақтар қойып, студенттің берген жауабына қанағаттандырылды.  

Барлық дипломдық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелерімен жоғары бағаланды.  Түлектер  магистратураға түсуге ұсыныстар алды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының түлектерін дипломды сәтті қорғауларымен құттықтап, алдағы еңбек қызметтеріне сәттілік тілейміз! 

Профилактикалық медицина,

биология және фармация

факультетінің деканаты

0
6036

пікірлер

пікір қалдыру үшін.