Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар: дәрілік аллергиясы бар науқастарды жүргізу тактикасы" мастер-класы

"Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар: дәрілік аллергиясы бар науқастарды жүргізу тактикасы" мастер-класы

19 Маусым 2017

"Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар: дәрілік аллергиясы бар науқастарды жүргізу тактикасы" мастер-класы

  2017 ж. 29 мамыры мен 2 маусым аралығында иммунология және аллергология кафедрасы кәсіби аурулар курсымен бірігіп, "Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар: дәрілік аллергиясы бар науқастарды  жүргізу тактикасы" атты мастер-класын өткізді. Өткізу мақсаты: аллергология және иммунологиядағы  шұғыл  жағдайларға байланысты кәсіби білімді жетілдіру және дәрілік аллергияға қатысты өзекті мәселелерді талқылау.

  Тыңдаушылардың назарына бірінші болып, м. ғ. д., профессор Н.В. Козаченконың, "Дәрілік аллергия кезіндегі иммунды жүйенің функционалдық жағдайының ерекшеліктері. Иммунды жетіспеушілік: түрлері, патогенетикалық механизмдері және клиникалық көріністерінің ерекшеліктері. Иммунограмманың клиникалық тәжірибедегі рөлі" атты баяндама ұсынылды. Иммунитеттің жасушалық байламындағы өзгерісі, дәрілік аллергия патогенезінде иммунологиялық механизмдері рөлдерінің талдауы көрсетілді. Оқуды өткізу барысында тыңдаушылар әртүрлі клиникалық жағдайларды, иммунограммаларды талқылады, ҚММУ-дың ұжымдық қолдану зертханасының медициналық талдаулар спектрымен танысты.

  М. А. Газалиева  тыңдаушыларға "Жергілікті анестетиктерге дәрілік аллергия: проблеманың ауқымы, диагностика және алдын алу " тақырыбы бойынша баяндамасы ұсынды. Сөзінің басында Меруерт Арстановна әлемдегі аллергиялық аурулардың таралу статистикасын, әсіресе Қазақстандағы жағдайды және дәрілік аллергиясы бар науқастардың әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерін, клиникалық көрінісінің таралуын атап өтті . Семинарда Меруерт Арстановна дәрілік аллергияның әр түрлі көрінісі кезінде кездесетін  клиникалық жағдайларды  талдауға көшті.

  1 маусымда штаттан тыс ҚР ДСМ  бас аллергологы, Республикалық ғылыми-практикалық аллергология орталығының және ҒЗИ-ның жетекшісі, м. ғ. д., доцент Нұрпейісов Таир Темырланович тыңдаушылар алдында сөз сөйлеп, "Ауыр токсико-аллергиялық реакциялар: патогенетикалық механизмі және клиникалық көріністерінің ерекшеліктері, емдік тәсілдер" атты дәрісін оқыды. Таир Темырлановичтың айтуынша, ДСҰ-ның болжамы бойынша 21 ғасырда аллергиялық аурулар кең таралады. Таир Темырланович "  Аллергиялық аурулардың диагностика және емдеу принциптері "  тақырыбына семинар өткізді. Сонымен қатар, тыңдаушыларға Т.Т Нурпеисовке, сұрақ қою мүмкіндігі туындады.

  Тыңдаушылар алдында профессор Б. Х. Жұмабекова "Токсикологиялық-химиялық заттармен жіті улану кезінде шұғыл көмек көрсету. Химиялық зақымдану кезіндегі еңбекке жарамдылық сараптамасы" атты баяндамасын оқыды.  Осы тақырып бойынша клиникалық жағдайлар талданып, егжей-тегжейлі мәселелері және шұғыл көмек мәселелері талқыланды. Оқытушы Д. С. Құсайынова: " In vivo спецификалық диагностикалау әдістері:оларды өткізу көрсеткіштер. Мүмкін болатын асқынулардың алдын алу. Дәрілік аллергияның зертханалық диагностикасы". Ассистент О. Ю. Дедова: "Сарысу ауруы: патогенетикалық механизмі және клиникалық көріністерінің ерекшеліктері" баяндамасын ұсынды. Ассистент М. Р. Измайлович, практикалық дағдылар орталығында анафилаксиялық шок тақырыбы бойынша практикалық дағдысын ұсынып, баяндама жасады. Мастер-класқа қатысушылар анафилаксиялық шок кезінде шұғыл көмек көрсету практикалық дағдысын өз бетінше игеру мүмкіндігіне ие болды.

  Мастер-класқа дәрігер аллергологтар, терапевттер, пульмонологтар, дерматолог-косметологтар, ҚММУ және АМУ кафедрасының қызметкерлері, резиденттер келді. Мастер-класс сертификат беру және сауалнама жинаумен аяқталды. Тыңдаушылар берілген  материалдың өзектілігін, қолжетімділігін, құрылымдығын атап өтті және  кафедра меңгерушісі, м. ғ. к., доцент М. А. Газалиеваға мастер-класты ұйымдастыру және өткізгені үшін үлкен алғысын білдірді.

Иммунология жәнеаллергология

  кафедрасының ассистенті М. Р. Измайлович


0
6361

пікірлер

пікір қалдыру үшін.