Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бакалавриат «Биология»мамандығының тұңғыш түлектерінің дипломдық жұмыстарының сәтті қорғауы!

Бакалавриат «Биология»мамандығының тұңғыш түлектерінің дипломдық жұмыстарының сәтті қорғауы!

16 Маусым 2017

14-15 маусым 2017 жылы медициналық ЖОО-да алғаш рет 5В060700 «Биология» бакалавриат мамандығы бойынша дипломдық жұмыстар қорғалды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысына төрайымы биология ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Зоология кафедрасының доценті Тұрлыбекова Гүлжазира Қаңтарбаевна, төрайым орынбасары биология ғылымдарының докторы, профессор Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі Құлтанов Берікбай Жүкенұлы, сондай-ақ комиссия мүшелері қатысты, олардың арасында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Дефектология кафедрасының және Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің өкілдері болды.

Түлектер молекулярлық биология және медициналық генетика, микробиология кафедраларының оқытушыларының басшылығымен жүргізілген, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері жоғары бағалаған өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін баяндады. Түлектердің көпшілігі магистратураға түсу үшін ұсыныстар алды. «Биология» мамандығының алғашқы түлектерін дипломдық жұмыстарын сәтті қорғағаны үшін  құттықтаймыз және еңбек қызметінде сәттілік тілейміз!


0
6087

пікірлер

пікір қалдыру үшін.