Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Колоректалдық хирургияның өзекті мәселелері

Колоректалдық хирургияның өзекті мәселелері

16 Маусым 2017

Оқыту бағдарламасы аясында 2017 жылдың 29-30 мамырындаИ.М.Сеченоватындағы Бірінші Москва мемлекеттік медицина университетінде колоректалдық хирургия мәселелеріне арналған халықаралық конференция өткізілді.

Шара барысында әлемнің жетекші клиникалары мен медициналық университеттерінің танымал мамандары мен ғалымдары лектор ретінде баяндамалар жасап, шеберлік сабақтарын өткізді. Бұл конференция Ресей мен ТМД аумағы бойынша колоректалдық хирургия саласының ең ауқымды оқыту іс-шараларының бірі болып табылды. Оның бағдарламасы өте кең және осы саланың өзекті тақырыптарына арналуымен құнды болды.

Әлемнің көптеген елдерінен сарапшылар жиналды. Конференцияға 20 мемлекеттің: Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Швейцария, Қытай, Индия, Германия, тағы басқа елдердің танымал ғалымдары келді. Қатысушылар өте көп болды.

И.М.Сеченоватындағы Бірінші Москва мемлекеттік медицина университетінің эндоскопиялық хирургия және колопроктология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Царьков Петр Владимирович жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, конференция жұмысын бастап берді. Біз онымен жақсы таныспыз. Бірнеше рет Қазақстан Республикасына арнайы шақырумен келіп, шеберлік сабағын өткізіп қайтқан. Ол әлемдік медицинаның колопроктология саласы бойынша таңдаулы он ғалымның қатарына кіретін ғұлама адам, өз ісінің үздік білгірі болып саналады.

Конференцияның жұмысы жүргізілген екі күннің ішінде қатысушыларға тамаша қолайлы жағдай жасалды. Достық ахуалда өрбіген пікір алысулар мен тәжірибе алмасулар баршамыз үшін өте пайдалы болды.

Жоғары технологиялы лапароскопиялық жабдықтарды қолданумен бірегей реконструктивтік-қалпына келтіру операциялары жасалды. Хирургиялық араласу трансляцияланды. Сол арқылы тыңдаушылар мен қатысушылар нақты уақыт режимінде операция барысын бақылауға мүмкіндік алды. 

Тамаша педагогтар мен хирургтар шеберлік сыныптарын өткізді және тік ішектің қатерлі ісігі, тоталдық мезоректумэктомия, тоқ ішек хирургиясындағы лапароскопиялық және роботикалық операциялар, амбулаторлық колопроктология, шап аурулары тақырыбына арналған лекциялар оқыды.

Осы ауқымды іс-шара барысында біздің университеттің өкілдері  колоректалды хирургиядағы лапароскопиялық технологиялар мәселесі бойынша баяндама жасады және конференция секцияларының бірінде төрағалық етті.

М.М.Жанасова,

м.ғ.к., №1 хирургиялық аурулар

кафедрасының доценті

В.А. Волоконцев

№1 хирургиялық аурулар

кафедрасыныңассистенті


0
5738

пікірлер

пікір қалдыру үшін.