Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-нің Европалық Одақ жобаларының көрмесінде Европа күнін тойлау аясындағы қатысуы

ҚММУ-нің Европалық Одақ жобаларының көрмесінде Европа күнін тойлау аясындағы қатысуы

12 Маусым 2017

2017 жылдың 31 мамырында Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті Астана қаласында өткен Европалық Одақ жобаларының Көрмесіне қатысты.

Аталған Көрме Европалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі тарапынан ұйымдастырылды. Европалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі 1999 жылдан бері бұл оқиғаны жыл сайын көптеген мәселелердің шеңберінде, соның ішінде мәдени және білім сұрақтарына арналған іс-шаралардың кешенін өткізу арқылы тойлайды.

Көрменің негізгі идеясы қазақстандық және шетелдік әлеуметті Европалық Одақ тарапынан қаржыландырылатын жобалармен таныстыру болып табылады.

ЕО жобаларында қатысушылар арасынан көрмеде келесі ЖОО-ы таныстырылды:

-  С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті;

-   Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті;

-  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті;

-  С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті;

-  «Астана Медициналық Университеті»;

-  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті;

-  М. Дулатов атындағы Қостанай Инженерлік-Экономикалық Университеті;

-   КИМЭП Университеті;

-  Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті төмендегідей жобаларды таныстырды:

-  «Білімді ұйымдастыруды дамытуға адамдарды дамыту арқылы жәрдемдесу» (PEOPLE);

-  «Медициналық қателіктерге жол бермеуге оқыту» (TAME);

-  «Жаңа халықаралық университеттер қауымдастықтарын қарсы алу» (WELCOME);

-  «Еңбек гигиенасы мен қоршаған орта саласындағы білім, зерттеулер мен инновациялар бойынша желіні нығайту» (TUTORIAL);

Европалық Одақ жобаларының Kөрмесі ЕО-тың Қазақстандағы өкілеттігінің Басшысы, ЕО-тың ҚР-ғы Елшісі - Траян Лауренцю Христеаның құттықтау сөзімен ашылды.

Көрме барысында қонақтарға әр жоба бойынша таныстырылымдық мәліметтер ұсынылды.

Көрменің соңына қарай барлық қатысушылар мен қонақтар мерекелік концертке шақырылды.


0
5874

пікірлер

пікір қалдыру үшін.