Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
5th TheInternational Student Congress(ISC) of the Medical University of Graz (Austria)

5th TheInternational Student Congress(ISC) of the Medical University of Graz (Austria)

09 Маусым 2017

2017 жылдың 25-27 мамырында Грац қаласында (Австрия) 5th ISC өтті. Ол шараға барлық дүниежүзі мемлекеттерінен 200-ден астам студенттер, магистранттар және PhD докторанттар қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан «Жалпы медицина» мамандығының  5 курс студенті Ташметов Эльярбек «Our treatment experience and outcomes of osteomyelitis in children» баяндамасымен қатысты. Ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Б.Е.Тулеубаев

Конференция қатысушыларды тіркеу және салтанатты ашылумен басталды. Ашылудан соң қала бойынша экскурсия болды. Конференцияның жұмыс күндері ақпарат пен әсерге бай болды, себебі таң атқаннан кеш батқанға дейін пленарлық отырыстар шеберлік-кластармен, атақты профессорлардың дәрістерімен алмасып отырды.

Конференцияда тезис түрінде берілген 100-ден астам ауызша баяндама және 18 секцияға бөлінген «постерлер» болды.
Конференцияның соңғы күнінде өткен пленарлық отырыста барлық нәтижелер айтылды және жеңімпаздар марапатталды.

Осындай деңгейдегі конференцияға қатысу маған үлкен тәжірибе берді. Осы деңгейдегі және көлемдегі конференцияға қатысып, көп адаммен танысып, өзіме көп дос таптым. Атақты профессорлардың дәрістеріне және шеберлік-кластарға қатысу арқылы өз білімімді жетілдірдім.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Р.С. Домағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор А.А. Турмухамбетоваға, ғылыми жетекшім м.ғ.д., профессор Б.Е. Тулеубаевқа және де өзімнің ғылыми тәлімгерім Жалпы хирургия және травматология кафедрасының ассистенті, докторант Д.А. Сагиноваға халықаралық конференцияға қатысуға және өзімнің шығармашылық белсенділігімді көрсетуге мүмкіндік бергендері үшін айтар алғысым шексіз.

Ташметов Эльярбек

«Жалпы медицина» мамандығының 5-073 тобының студенті


0
6463

пікірлер

пікір қалдыру үшін.