Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық ұтқырлық жұмыс жасап тұр

Академиялық ұтқырлық жұмыс жасап тұр

06 Маусым 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және  Шота Руставели атындағы Батуми мемлекеттік университеті өзара  ынтымақтастық меморандумына қол қойды.  Осы ынтымақтастық нәтижесінде микробиология кафедрасының меңгерушісі   С.Б. Ахметова және доцент Г.А. Абдулина Батуми университетіне оқытушылардың академиялық ұтқырлығы аясында шақырылды. 

 Батуми мемлекеттік  университеті оқу үрдісінің реформасын біртіндеп енгізуде:   еуропалық трансфер жүйесі және  несиенің қорлануы (ECTS), бакалавриат, магистратура және докторантура  деңгейіндегі үш сатылы оқу жүйесі енгізілген.  Университеттің  кітап қорына бай ғылыми кітапханасы  және де меншікті баспасы бар.

Жергілікті студенттер грузин тілінде,  шетел студенттері ағылшын тілінде білім алады.  

2017 жылдың 8 мамыры мен  19 мамыры  аралығында біз  “Clinical Microbiology”  екі кредит көлемінде 2 - курста оқитын шетел студенттеріне сабақ өткіздік.

 Біз клиникалық бактериологияның өзекті сұрақтары жөнінде  мәселелік дәріс ұсындық.  Дәрістің бірі “ Opportunistic hospital acquired infections” ашық дәріс түрінде өткізілді, оған 2 және 3 - курс оқитын жергілікті және шетел студенттері, сонымен қатар, кафедра қызметкерлері қатысты.  Дәрісті ағылшын тілінен грузин тіліне мағынасына қарай  профессор иммунолог Лейла Ахвледиани аударды, аудиторияда  отырғандар госпитальді инфекциялар мәселелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады.   2 тақырып бойынша  CBL мәселеге-бағдарланған сабақтар   ойдағыдай өтті. 1.Балалардағы бактериалды менингиттің зертханалық диагностикасы.   2.Фарингиттің зертханалық диагностикасы, TBL (іріңді кокктар). Жергілікті және шетел студенттері үшін 2 зертханалық сабақ ұйымдастырылды, тақырыптары: 1.Микроағзалардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау әдісі.   2.Ұлттық сүтқышқылды  «Мацони» өнімінен бөлінген микроағзаларды сәйкестендіру.

2016 жылғы Кутаиси қаласындағы академиялық ұтқырлық қорытындысы бойынша, 2016 жылдың қыркүйек айында  біздің университетке Церетели атындағы Кутаиси мемлекеттік университетінің  оқытушылары, медицина факультетінің деканы Ирен Пхакадзе және профессор фармаколог Нато Алавидзе академиялық ұтқырлықпен келді.   

  Студент Giwa Abiodun Anthony ATSU Georgia студенттік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2017 жылдың сәуір айында біздің университеттің микробиология кафедрасы базасында  клиникалық микробиология бойынша 2 кредитті тапсырды.

  2017 жылғы академиялық ұтқырлық  қорытындысы бойынша біз тағы да  студенттер мен оқытушылардың арасында өзара алмасуды күтеміз.  Медицина факультетінің деканы Марина Коридзе, сонымен қатар, микробиолог, иммунолог профессорлар  біздің университетке келуге құлшыныс танытуда.  Сонымен қатар, BAU-н біз халықаралық университетімен  байланыс орнатуға мүмкіндік алдық, оның  филиалдары  19 әлемнің елінде белгілі.  19 аймақтың біріне Батумидегі  BAU медициналық мектебі жатады.  Медицина мектебінің деканы Лейла Ахвледиани  BAU  мен біздің университет арасында меморандум бекітуге ұсыныс жасады, сонымен қатар, академиялық ұтқырлық аясында микробиология пәні бойынша сабақ өткізуге шақырту алдық . 

  Академиялық ұтқырлық  - бұл ой-пікір, тәжірибе, біліммен алмасу, басқа көзқараспен қарау және  даму үшін ынталандыру және әлеует  болып табылады.  Бұл тұрғыдан біз Грузиядағы әріптестерімізбен қарым-қатынас екі жақтың болашақта дамуына және  ынтымақтастық нәтижесін көруге әкеледі деп ойлаймыз.  

  Грузия тек табиғи ресурстарға бай мемлекет қана емес,  орналасуғада ыңғайлы, сонымен қатар, адамдық рухани және шығармашылық әлеуеттерге өте бай ел. 

Біз ҚММУ ректоры м.ғ.д., профессор Р.С.  Досмағамбетоваға оқу үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, біздің білімімізді  халықаралық деңгейде көрсете алатынымызға мүмкіндік жасағаны үшін  алғыс білдіреміз.  ҚММУ-де оқу үрдісінің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін біз сенімді түрде айта аламыз.  

Халықаралық ынтымақтастық  және Болон процесі  бөліміне академиялық ұтқырлық жұмысының тыңғылықты ұйымдастырылғаны үшін алғысымызды білдіреміз. 

Микробиология кафедрасының меңгерушісі доцент, С.Б.Ахметова,

доцентГ.А.  Абдулина


0
5999

пікірлер

пікір қалдыру үшін.