Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ ӨКІЛДЕРІНІҢ БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУЫ

ҚММУ ӨКІЛДЕРІНІҢ БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУЫ

06 Маусым 2017

2017 жылдың 16-18 мамырында Мәскеу қаласында «Жұқпалы емес аурулар және Ресей халқының денсаулығы» тақырыбында Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысының барысында  ресей профилактикалық медицинасының ең маңызды жетістіктері мен өзекті мәселелері қозғалды:  2025 жылға дейін Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау стратегиясын жүзеге асыру сұрақтары, тұрғындарды диспансерлеу тәртібін жетілдіру, денсаулық орталықтарының  рөлін және мектеп медицинасы мен мәселесін өзектілендіру.   

15 мамырда конференциямен қауымдастырылған іс-шаралары шеңберінде «Кардиологиядағы регистрлер: өткізудің негізгі ережелері, Ресей Федерациясының түрлі аймақтарында қазіргі заманғы тәжірибе және оларды құру нәтижелері» атты Дөңгелек үстел өтті; 16 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің, алыс және жақын шетел мамандарының  қатысуымен 2 симпозиум өтті, онда өтпелі экономика тән елдердегі созылмалы жұқпалы емес аурулармен күресу сұрақтары талқыланды. «Өтпелі экономика тән елдерде созылмалы жұқпалы емес аурулармен күресуге қатысты жағдайды бағалау» симпозиумында ҚММУ қабырғасында жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша профессор Қ.Ә. Әлиханова мәлімдеме жасады. Кафедра қызметкерлері - доценттер В.А. Жакипбекова, Б.К. Омарқұлов, Т.О. Абуғалиеваның және докторант Е.Б. Искаковтың зерттеулерінің жекелеген фрагменттері көрсетілді (тезистер).

"Ресейде эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесі " және «Кәмелет жасқа толмағандарда созылмалы жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиясы және алдын алу» атты дөңгелек үстелдер  мамандардың ерекше назарына ілікті. 

Америкалық кардиологтар колледжінің (АСС) және Ресей кардиологиялық қоғамының (РКҚ) бірлескен жобасы аясында «Ресей елінде атеросклероз мәселесі және онымен байланысты жүрек- қан тамыр аурулары.Жүрек-тамыр ауруларын екінші реттік алдын алу» Вебинары болып өтті. Ол медицинаның алдын алуы бойынша мамандардың және клиникалық дәрігерлердің  қызығушылықтарын тудырды.  

Конференция жұмысына әр түрлі медицина мамандықтарының дәрігерлері, ғылыми қызметкерлер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылары қатысты. Кәсіпқой мамандардың мұндай бірлесуі конференцияның негізгі сұрақтарын іскерлік тұрғыдан талқылауға мүмкіндік берді.

Конференцияның  форматы пленарлы отырыстан, симпозиумнан және дөңгелек үстелдерден, жас ғалымдардың конкурсынан құралды, онда Ресейдің әр түрлі аймақтарынан келген жас ғалымдардың ең үздік жұмыстары көрсетілді. Конференцияға қатысушылар отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялардың және медициналық құрал -жабдықтар мен материалдар өндірушілердің қазіргі заманғы ең үздік әзірлемесімен танысты.


0
5591

пікірлер

пікір қалдыру үшін.