Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарқаралы жеріндегі естелік орындарға саяхат

Қарқаралы жеріндегі естелік орындарға саяхат

06 Маусым 2017

26.05.17. - 28.05.17ж. аралығында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары мен кафедраның тарих үйірмесіне  қатысушы студенттердің  Қарқаралыға жолы түсті. Мақсаты – біздің өлкенің тарихи орындарын және Қарқаралы төңірегіндегі қызықты табиғи нысандарға бару болды. Біздің тарих сүйгіштер мен белсенді, салауатты өмір салтын ұстанушылардан құрылған тобымыз 26 адамнан тұрды (1-6-курстан 20 студент және 6 оқытушы). «Медик» демалыс орнында тұрақтадық.

  Біз саяхат барысында «Үлкен шатыр» үңгірінде болдық, онда Қарқаралы тарихы туралы шағын дәріс тыңдап, халық композиторы Мәди Бәпиұлына арналған естелік тасты көрдік; атақты Шайтанкөл көліне көтерілдік (ұзындығы 21 км.); жоңғар шапқыншыларымен күрескен Сеңкібай батыр ескерткішінде болдық; көне заман ескерткіші – алғашқы адамның тұрағы болған «3 үңгірге» саяхат жасадық.

  Сонымен бірге біз тарих үйірмесінің жолсапардағы отырысын өткіздік, онда Асия Кадралинова (ЖМ 5-курс) мен Санжар Жуманбаевтың (ЖМ 2- курс) 2 таныстырылымы тыңдалды. Гитараның сүйемелдеуімен алау жанында А. Абенованың (ЖМ 3-курс), Ш. Ахмедовтың (ЖМ 4- курс), А. Кадралинованың (ЖМ 5-курс), С. Ташеновтың (БИА кафедрасының резиденті) және тағы да басқа студенттер мен оқытушылардың орындауында орыс, қазақ, украин, ағылшын және кәріс тілдерінде әндер шырқалды.

  Студенттер мен оқытушылар пікіріне сүйенсек, біздің сапарымыз сәтті болды, мақсаттар орындалды, біз өзіміздің аймағымыз туралы жаңа мәліметтер алдық, сонымен қатар,физикалық және рухани тұрғыда демалып, келе жатқан сессияға дайындалдық.

Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Долгополов


0
5999

пікірлер

пікір қалдыру үшін.