Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түркі тілдес әлем елдері неврологтарының II Халықаралық Конгресі

Түркі тілдес әлем елдері неврологтарының II Халықаралық Конгресі

02 Маусым 2017

2017 жылдың 26-27 мамырында Алматы қаласында С.Д. Асфендияроватындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті базасында «Неврологтар ассоциациясы»ҚБ неврологтардың II ХалықаралықКонгресін өткізді. Мұнда  Қазақстанның белгілі неврологтары және шетелден келген әріптестер қатысты (Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан).

ҚММУ неврология кафедрасынан  неврология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Т.Т. Киспаева «Цереброваскулярлы патология»  секциясында (1-фото) модератор ретінде және «Когнитивті бұзылыстар: мәселеге заманауи көзқарас» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.  

Пленарлық отырыста да, секция жұмыстарында да неврологиялық ауруларды түзетудің заманауи әдістері мен ерте диагностикалаудың өзекті мәселелері белсенді талқыланды. Резиденттер, магистранттар және студенттер жұмыстарына арналған «Жас ғалым» жеке секциясында  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен 5-курс студенттері У.У.Усманова, А.О.Абдилова, С.Беласарова, А.В.Уфимцева, М.Оспанова,  Д.Д.халмуминов, Б.К.Ахатовтың  (жетекшілері – м.ғ.д., профессор Т.Т.Киспаева)  жұмыстары ұсынылды. Осы аталған секция аясында қатысқан қарағандылық студенттердің жоғары деңгейі және баяндамалардың тиісті әдістемелік дайындығы атап өтілді.

Бірқатар студенттер жүлделі орындарға ие болды: 2 орынды «Жалпы медицина» факультеті 5-081 тобының 5-курс студенті Усманова Умит иеленді. 4 орынды«Жалпы медицина» факультетінің 5-083, 5-081 топтарының студенттері Беласарова Сандугаш, Оспанова Марияиеленді. «Жас ғалым» секциясының әділ қазылар алқасы «Жалпы медицина» факультетінің 5-083 тобы студенттері Абдилова Адиля мен Уфимцева Анастасияның жұмыстарын жоғары бағалады. 


0
6149

пікірлер

пікір қалдыру үшін.