Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық адалдық мәселелері бойынша өткен ІІ конференция

Академиялық адалдық мәселелері бойынша өткен ІІ конференция

02 Маусым 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетініңстуденттерімен деканат қызметкерлері2017 жылдың 19-20 мамырыкүндері Астана қаласында өткен «Университетті басқару аясындағы академиялық адалдық мәселелері бойынша ІІ конференцияғақатысып қайтты. Конференцияның ұйымдастырушылары – ҚазГЗУ мен Назарбаев университет. Қатысушылардың ішінде: А.С.Байменова, А.К.Омарова,С.Б.Айтбек, С.Жумашев, Н.М.Сабыр, А.Д.Әуесқали, Н.И.Беласаров, А.В.Тен.

  Конференция барысында ғылым мен білім берудің қазіргі таңдағы маңызды мәселесі – академиялық адалдық пен авторлық құқыққа байланысты құнды еңбектер тыңдалды. Конференция екі күнге жалғасып, алғашқы күні пленарлық отырысқа шет елдерден мамандар келді. Олар өз мақалаларында ғылымға енгізуге болатын жаңалықтарды, ғылым саласында мәселе тудырып отырған жағдайлардың туындатушы себептерін жан-жақты қарастырып,таныстырды. Екінші бөлімінде қатысушылар секцияларға бөлініп, академиялық адалдық жөнінде әр түрлі баяндамалар тыңдап, сұрақ-жауапқа қатысып, пікір алмасты.

Сабыр Нұржан Маратұлы

Жалпы медицина және стоматология

факультетінің студенттік

өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы.


0
6080

пікірлер

пікір қалдыру үшін.