Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Діни экстремизмнің алдын алу

Діни экстремизмнің алдын алу

02 Маусым 2017

Бүгінгі таңда экстремизм көптеген елдер үшін үлкен қауіп төндіріп, халықаралық мәселеге айналып тұр. Өкінішке орай, бұл тұрғыда біздің елімізде жастар тұрғындардың ең осал бөлігі болып табылады, ал студенттер болса деструктивті ықпалға душар болатын әлеуметтік категория ретінде қарастырылады. Әр түрлі  девиантты ағымдар  жастар арасында әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы таратылып, радикалды көзқарасты қалыптастыруға өз ықпалын тигізуде. Бұл мәселе бізді де, яғни Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттерін айналып өткен жоқ.

14.04.2017ж. Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университетінде «Діни экстремизм мен терроризм. Заманның қарсы тұруы» тақырыбында екінші дөңгелек үстел өтіп, оған біздің оқу орнымыздың атынан Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушылары С.А. Никифорова мен Б.Б. Рысбекова қатысқан болатын. Аталған шарада өзекті мәселелердің бірі ретінде «Peertopeer: FacebookGlobalDigitalChallenge (P2P) Spring 2017» атты халықаралық антитеррористік жоба талқыға салынды.

Осы жоба шегінде Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінен келген қатысушылар АҚШ-тан келген әріптестермен тығыз қарым- қатынас орнатқан. Іс- шараның мақсаты- әлеуметтік желілер арқылы татулықты насихаттау.

Біз де студенттеріміздің Семей қаласының Медицина университетіндегі әріптестеріміздің жобасына атсалысқаны туралы сіздерге қуана хабарлаймыз.

Акцияға қатысу үшін #onthewayksmu #p2pchallenge хэштегтарымен суреттеріңізді Твиттер, Фэйсбук және Инстаграмда жариялап, Onthewaytopeace парақшасына жазылуларыңыз керек.

Ахметчина Мадина

«Самұрық» студенттік республикасының

Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі министрлігі

ҚММУ Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі комиccиясы

ҚММУ жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
5747

пікірлер

пікір қалдыру үшін.