Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Баку қаласында өткен конференция

Баку қаласында өткен конференция

01 Маусым 2017

Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында «Әзірбайжанның жас дәрігерлері» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Медициның өзекті мәселелері» атты VI жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Бұл конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар, дәрігерлер мен оқытушылардан құралған 70 астам баяндамашы қатысты. Конференцияда Әзірбайжан, Ресей, Украина, Молдова, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвия және Қазақстан сияқты елдерден келген қатысушылар болды.

Біздің Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің атынан «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының докторанттары және мен, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5 - курс студенті, Қуаныш Жұлдыз қатыстым. Конференция екі бөлімге бөлінген болатын, бірінші бөлімде 10 мамыр күні конференция Президенті А.В. Алиев пен ғылыми комитет  мүшелерінің баяндамалары тыңдалды. Ал екінші күні қатысушылардың баяндамалары тыңдалды.

Университетіміздің ректоры Р.С. Досмағамбетоваға, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетоваға, ПМБжФ деканатына, тағамдану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының басшысы С.П. Терехинге және өзімнің ғылыми жетекшім Амреева Қымбат Ералиевнаға алғысымды білдіргім келеді. Маған ғылыми өмірге жолдама бергендеріңіз үшін және осы 5 жыл бойы маган көмек беріп, менің күшіме сенгендеріңіз үшін рахмет.

Профилактикалық медицина,

биология және фармация

 факультетінің СӨӨБК

төрайымы Ж.М. Қуаныш


0
5657

пікірлер

пікір қалдыру үшін.