Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ магистранттарының Малайзияда тағылымдамаған өтуі

ҚММУ магистранттарының Малайзияда тағылымдамаған өтуі

31 Мамыр 2017

2017 жылдың 11-20 мамыры аралығында «Медицина» мамандығы бойынша 1-ші жылдық магистранттары (17 адам) Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Халықаралық Медициналық Университетінде (IMU) «Short Course on Research Management» ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: ғылыми зерттеулердің менеджменті туралы қысқаша курс өту. Курстың ұзақтығы 7 жұмыс күнін құрады. IMU-ға келген күні университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен сәлемдесу және танысу рәсімі өткізілді. Біздің магистранттардың қонақжай және достық сезімге бөленгенін атап өткім келеді. Танысқаннан кейін, MayKuan кампус бойынша кең аудиториялар мен дәріс бөлмелерін, көптеген манекендері бар тәжірибелік дағдылар орталығын, өте жақсы жабдықталған зертханасын көрсетіп, таныстыру саяхатын жүргізді. Экскурсиядан кейін профессор MakJoonWah «Ғылыми зерттеуге кіріспе» және «Ғылыми жоба менеджменті» тақырыбында екі дәріс оқыды.  

Одан кейін, басқа оқу күндері магистранттар қызығушылықпен дәрістер тыңдап, PBL-сабақтарға қатысып, зертханада жұмыс жасады. Тағылымдама барысында алынған тәжірибе мен білімнің әрбір магистрантқа магистрлік диссертациясын жазуда көп көмегі болады деп айтқым келеді. 

Оқудың соңғы күні барлық магистранттар ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми жобаларын таныстырды, олар шетелдік әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Профессор Chu Wan Loy және профессор Patricia Lim Kim Chooi  ҚММУ магистранттарына жүргізілген жұмыстары және өз университетін лайықты көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. Бұдан кейін курстың жабылу рәсімі өткізілді және сертификаттар табысталды.


0
5727

пікірлер

пікір қалдыру үшін.