Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Екі жұлдыз».

«Екі жұлдыз».

25 Мамыр 2017

Университетімізде 2017 жылдың 18 жұлдызында жыл сайын өткізілетін «Екі жұлдыз» шығармашылық конкурсы өтті. Студенттер мен оқытушылар бірігіп, музыка әлеміне еніп, ҚММУ акт залының сахнасында өз дарындарын паш етті. Іс-шараны ұйымдастыру жұмыстарын Жалпы медицина және стоматология факультетінің 2-курс студенттері декан орынбасары  Мухтарова Индира Багдатовнаның басшылығымен өз жауапкершілігіне алды. Шоу-байқаудың демеушісі ретінде «Стоматолог-Люкс» стоматологиялық клиникасы қолдау көрсетті.

Кештің жұлдызды қазылар алқасының қатысушылары ретінде келесі құрметті қонақтар шақырылды:

- Қарағанды каласы Тәттімбет атыңдағы академиялық оркестрдің директоры - Магавин Мереке Кабдуллинович.

- Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Жедел ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы - Яркова Раиса Дмитриевна.

- Алматы музыкалық училишесін фортепиано класы бойынша тәмамдаған түлегі, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің жастармен жұмыс бөлімінің маманы - Милаева Ирина Ивановна.

- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері - Курманбай Габделов.

- «Стоматолог-Люкс» клиникасының заңгері - Акимова Динара Канатовна.

Ән байқауында 7 жұп бақ сынасты.Ал өнерпаздарды қолдау үшін зал жанкүйерлерге лық толды.

Мерекелік кештің шымылдығын «Қаракөз» шығыс билерінің халық ансамблі ашып, көрермендер мен қатысушылардың ыстық ықыласына бөленген татар биін орындады.

Алғашқы болып «Атамекен» патриоттық әнімен  Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы Аубакирова Динара Сериковна мен «Стоматология» мамандығының 2-курс студенті Каирбаев Самат өнер көрсетті.

  Микробиология кафедрасының оқытушысы Сраулканова Баян Мухамеджановна және «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенті Аяпбергенова Мариядан құралған келесі жұп көрермен қауымды «Поговори со мною, мама» әнімен тәнті етті.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы  Даулеткалиева Жания Абаевна «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенті Калтаева Асельмен бірге «Туған жер» әнін орындау арқылы кеш қонақтарын көне қазақ даласына жетелегендей, ерекше сезімге бөледі.

  Патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Жалмаханов Мурат Шарапатович пен «Жалпы медицина» мамандығының 2- курс студенті Маманова Гулназдың орындауындағы «Бақыттымын құрбылар» әні көрермендердің көңілінен шықты.

 Кейіннен, сахна төрі шет тілдер кафедрасының менгерушісі Бурмистрова Валерия Алексеевна және «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенті Хусаинова Анастасияның орындауындағы «Кукушка» әнінің керемет әсерінен Ұлы Отан соғысын еске алу орнына айналды.

  Патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы Абдикадирова Хамида Рахимовнамен жұптасқан «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенті Сейдалы Айдананың орындаған «Ал құрбым» лирикалық әні көпті толғандырып, еріксіз ғашық етті.

  Конкурстың соңғы жұлдызды жұбы болып қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Маретбаева Марина Абильжановна және «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенті Турғунов Азиз өнер көрсетті. Конкурсқа қатысушылар фортепианоның сүйемелдеуімен «Я не могу без тебя» әнінің фрагментін айтумен нөмірді бастап, сезімге толы «Роман»  шығармасын орындады. 

Әділ қазылар алқасы қорытынды шешім шығарып жатқанында, көрермендерді көптеген тосын сый күтіп тұрды: ұйымдастырушы комитеттің орындауындағы флешмоб, жұлдызды жұптардың қатысушылары Каирбаев Самат, Калтаева Асель мен Маманова Гулназдың орындауындағы керемет ән мен Жалпы медицина факультетінің 2-курс студенттері Ералиева Дана, Лисица Наталия және Савин Никитаның орындауындағы танымал әндер.

Ұзақ және күрделі пікірталастан кейін қазылар алқасы сахна төріне көтеріліп, байқау жеңімпаздарын атады. Пікірталас қорытындысы бойынша келесі өнерпаздар жеңімпаз атанды:

I дәрежелі диплом – Маретбаева Марина Абильжановна және Турғунов Азиз.

IIдәрежелі диплом – Бурмистрова Валерия Алексеевна және Хусаинова Анастасия.

   III дәрежелі диплом – Жалмаханов Мурат Шарапатович және  Маманова Гулназ.  

Барлық қатысушыларға алтын жұлдызды статуэтка мен естелік сыйлықтар берілсе, І дәрежелі диплом иегерлеріне демеушімізден сертификат ұсынылды. Жалпы медицина және стоматология факультеті деканының орынбасары Культенова Махаббат Тулегеновнаның қолдан жасалған сәндік әсем броштары барлық дипломантттарға берілді.

Шоу барлық қатысушыларға, қонақтар мен көрермендерге мол қуаныш, шабыт, шынайы эмоциялар сыйлады. Бұл, шын мәнінде, қуаныш пен мерекелеу сезіміне толы жұлдызды сәт болды. Себебі, оқытушы болсын, студент болсын, әр адамның өмірінде музыкаға әрқашан орын табылады!

Мерекелік кешті «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенттері Игенбекова Адина, Сычева Кристина, Жуатай Куаныш пен Селиванов Максим жүргізді. Іс-шараның ұйымдастыру комитетіне кірген Савин Никита, Ким Александра, Лисица Наталия, Пшембаева Кымбат, Жетписбаева Дарига, Алдакуатова Дана және Нурпеисов Данияр белсенді жұмыс жасады.

  Ұйымдастырылған керемет кештің қатысушыларына, қонақтарына, демеушімізге және қымбатты көрермендерге алғысымызды білдіреміз!

ЖМ және С факультеті деканының орынбасары

И.Б. Мухтарова  және 2-курс ұйымдастыру комитеті.


0
6879

пікірлер

пікір қалдыру үшін.