Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Астанадағы тарихшылардың IV Конгресі

Астанадағы тарихшылардың IV Конгресі

29 Мамыр 2017

2017 жылдың 25 мамырында Қазақстан Тарихшыларының ұлттық конгресі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде «Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері» тақырыбында кезекті IV Конгресін өткізді.

Конгреске Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары, сонымен қатар, шетелдік қонақтар, танымал ғалымдар - тарихшылар, әлеуметтанушылар және филологтар, мұрағат, мұражай және жалпы білім беру мектептерінің жұмысшылары  қатысты. Көрнекі шараға ҚММУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты,  доцент Қ.А. Темірғалиев және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е. Даниярова қатысты.

 Конгресті өткізудің басты мақсаты – Елбасының  қоғамдық сананы және рухани өрлеуді жаңғырту бағытындағы тағдыршешті жаңа бастамасына қолдау көрсету, осы орайда отандық тарих ғылымы мен білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылау, мектеп пен жоғары оқу орындары оқулықтарының мазмұнын жақсарту және мұражайлар мен мұрағаттардың қызметтерін жаңа деңгейге көтеруге жете мән беру.


0
5669

пікірлер

пікір қалдыру үшін.