Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Анатомия және гистология бойынша пәнаралық олимпиада.

Анатомия және гистология бойынша пәнаралық олимпиада.

25 Мамыр 2017

2017 жылдың 20 мамырында  анатомия және гистология кафедраларының ұйымдастыруымен анатомия және гистология пәндері бойынша пәнаралық олимпиада өткізілді. Студенттердің олимпиадалары болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін арттыратын, ғылыми зерттеуге деген ынталарын дамытатын, ұйымдастырушылық-педагогикалық қызметін жандандырып, студенттердің арасында ғылыми білімді насихаттауды оқудың алғашқы қадамдарынан бастап-ақ жүргізудің бірден-бір құралы болып саналады. Студентік олимпиада анатомия және гистология бойынша болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Студенттік олимпиада ғылыми зерттеу, әкімшілік және ұйымдастырушылық-педагогикалық қызмет, аспиранттық және магистратуралық дайындау барысында шығармашылық тұрғыда ойларын жеткізе алатын жастарды анықтап, іріктеуге көмектеседі. Олимпиаданың берген шығармашылық тәжірибесін оқу процесін жаңғыртуды жалғастыру және университетішілік олимпиада қозғалысын дамытуға қолдануға болады.   Олимпиаданың мақсаты дарынды студенттерге қолдау көрсетумен қатар, теориялық шешімге қабілетті және теориялық-тәжірибелік есептерді өз бетінше шеше алатын, шығармашылық және ғылыми жұмыстарды іске асыратын студенттерді анықтау болды.

Олимпиадаға «Жалпы медицина» мамандығының 2- курс студенттерінен 64 студент қатысты. Олимпиада бағдарламасы 2 кезеңнен құралды. 1-ші кезеңі іріктеу тестілерінен тұрды. Олимпиадаға қатысқан әрбір студентке 50 тесттік сұрақтар беріліп, әрбір тестілік сұрақтарға бір дұрыс жауап таңдау ұсынылды. Олимпиаданың бұл теориялық бөлімін анатомия және жалпы гистология пәндерінің бөлімдері құрады. Тесттің қорытындысы бойынша тестік сұрақтардың жауап балдары көрсетілген студенттердің тізімі құрылды, оның ішіндегі 33 студент тестілік сұрақтардың 50% дұрыс жауап беріп, осы кезеңнен өтті. Бұл студенттер олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды.

Екінші кезеңде студенттерге  анатомия және гистология бойынша 10 параклиникалық жағдайлық есептер берілді. Сондай-ақ  екінші кезеңде 10 гистологиялық микросуреттермен  анатомиялық суреттер ұсынылды. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері олимпиаданың 2- кезеңіне  қатысқандардың жеке жиынтықты көрсеткіші бойынша анықталды. Жинаған балдар көрсеткіші бойынша жүлдегерлер анықталып, олар дипломдармен, мақтау қағаздарымен мараппатталды.  1- дәрежелі дипломмен 2-001 топ студенті Ә.Ә.Едіге, 2-дәрежелі дипломмен - 2-023 тобының студенті Р.Е.Ахмедия, 3-дәрежелі дипломмен: 2-012 тобының студенті Г.С.Тукенова, 2-023 тобының студенті Д.А.Ибадуллаева, 2-023 тобының студенті Г.А. Амирханова. 8 студент мақтау қағазымен мараппатталды.  

Олимпиаданы ұйымдастыру анатомия және гистология кафедраларының профессорлық-педагогикалық құрамының  жетекшілігімен жүзеге асты.


0
6027

пікірлер

пікір қалдыру үшін.