Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пәнаралық сабақ - инновационды оқыту әдісі ретінде.

Пәнаралық сабақ - инновационды оқыту әдісі ретінде.

25 Мамыр 2017

Қазіргі оқыту бағдарламасында инновационды технологияларды қолдану оқушылардың өзіндік және топтық жұмыста шығармашылық , зеуттеушілік жақтарын дамыту үшін қолданылады. Инновационды оқыту әдісінің бірі - пәнаралық сабақ болып табылады. Пәнаралық оқытуға көп сенім артылады , себебі ол оқыту процесін арттыруға ықпалын тигізеді.

18.05.2017 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің тәжірибелік дағдылар орталығында кафедра қызметкерлері жүргізген, пәнаралық сабақ өткізілді. Балалар аурулары №2 кафедра меңгерушісі м.ғ.д, профессор Б.Т.Тукбекова және Жедел және кідіріссіз медициналық көмек №1 кафедра меңгерушісі м.ғ.к. , профессор м.а А.Р.Алпысованың бақылауында «Жедел ауруханадан тыс,тыныс алу жеткіліксіздігімен асқынған пневмониясы бар науқасты диагностикалау және ем жүргізу тактикасы» тақырыбына сабақ өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты науқасты диагностикалау , емдеу тактикасын госпитализацияға дейін және госпитализация кезендерінде жүргізу,  теориялық және тәжірибелік дағдыларды  жалпылай, тереңдетіп, жүйелеп оқыту болып табылады. 

Пәнаралық сабақтың басында Балалар аурулары №2 кафедра ассистенттері: Г.А. Сарманкулова  және  Б.И. Абишева  және Жедел және кідіріссіз медициналық көмек №1 кафедрасының ассистенті  Г.К. Тулеуова  негізгі мақсаттары мен тапсырмаларымен таныстырды, студенттерді  кәсіби және коммуникативті дағдыларды қолдануға ,топта жұмыс істей білуге бағыттады. Сабақтың өтуі барысында  4-102,5-063 және 5-065 топ студенттері жедел жәрдем жағдайында  кідіріссіз көмек терапиясының тәжірибелік диагностика дағдыларынан басқа, жедел жәрдем және қабылдау бөлімінің медицина қызметкерлерінің  үйлестіру дағдыларын, өзара қарым-қатынас дағдыларын және топтық жұмысты көрсете білді.  Студенттерге  шынайыға жақын жағдайлар жасалды ,ол өз кезегіне әркімнің  жақсы және әлсіз жақтарын, тәжірибелік дағдыларды қолдана алу және топта жұмыс істей алуын анықай алуына мүмкіндік берді. 

Пәнаралық сабақ біз үшін өте пайдалы болды, себебі шұғыл жағдайларда диагностикалау және көмек көрсетуге, топта бірігіп жұмыс істеуді,бірге шешім қабылдауға үйрендік,тәжірибелік дағдыларымызды арттырдық.

Балалар аурулары №2 кафедрасы , Жедел және кідіріссіз медициналық көмек №1 кафедрасына  және құрастырушыларға шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай сабақтар униерситетіміздің қабырғасында көп өткізілуіне және клиникалық жағдайлардың көбеюіне сенеміз.

4-102 топ студенттері:  С.К. Баймаганбет,  Д.М. Ахметжанова,  Р.К. Турсынбекова.


0
5952

пікірлер

пікір қалдыру үшін.