Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның ІІІ Отбасылық Дәрігерлер Съезіне қатысу

Қазақстанның ІІІ Отбасылық Дәрігерлер Съезіне қатысу

25 Мамыр 2017

2017 жылы 26-27 сәуірде Алматы қаласында шетел қонақтары: Виджай Кумар, Йоркшир графствосының жалпы тәжірибелік дәрігерлердің Корольдік Колледжінің төрағасы, Ұлыбритания АМСКК хирургтері колледжінің Президенті; Хуан Телло, ДДСҰ Европалық орталығының алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету бойынша өкілі; Кайл Ходебеке, Полярис Америкалық отбасылық  дәрігерлер Академиясының  дәрігер-өкілі, «Отбасылық медицина және АМСК» америкалық журналдың редакторы;  Йонгсан (Yongsan Health Clinic), Сеул, Корея клиникаларының Медициналық  Директоры, сонымен қатар Ресей Федерациясының, Қырғызстан және Қазақстан Республикасының жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен ғалымдарының қатысуымен Қазақстанның ІІІ Отбасылық Дәрігерлер Съезді өтті. 

Съезді құттықтау видео – үндеумен WONCA WORLD Президенті Аманда Хау және Қазақстанның Отбасылық Дәрігерлер Қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор Дамиля Нугманова ашты.

Панельдік пікірталастарда ҚР Мемлекеттік Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарғы «Денсаулық»  бағдарламасын орындау аясында қоғамдық кәсіби ұйымдардың рөлін арттыру және денсаулық сақтауды қаржыландыру сұрақтарында жалпы тәжірибе дәрігерінің рөлін жоғарлату, жалпы тәжірибе дәрігері/отбасылық дәрігер мамандығының артықшылық мәселелері талқыланды.

Сонымен  қатар, клиникалық секцияларда жұмыс жүргізілді, онда АМСКК ұйымдарында/отбасылық дәрігер тәжірибесінде диагностика және көп тараған ауруларды емдеу, қосарлы антитромбоцитарлы терапияның дәлелдеу базасы, ішектің тітіркену синдромы, бауырдың алкогольды емес майлы ауруы, құрылымдық  диспепсия мәселесі,  ГЭРА, АГ, ӨСОА және бронх демікпесін, науқастардың емдеуге қатысуының ақылға қонымды тәсілдері талқыланды.  

№3 жалпы тәжірибе дәрігері, нейрохирургия курсымен мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Қарлығаш Әнгелбайқызы Әлиханова және м.ғ.к., доцент Бауыржан Кәденұлы Омарқұлов  білім беру секциясында «Дипломға дейінгі деңгейде және резидентурада ЖТД/отбасылық дәрігерін дайындау» модератор ретінде сөз сөйледі. ОАР мен ТМД елдерінің халықаралық тәжірибесінде, Қырғызстанда жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша дайындық бағдарламасын әзірлеу тәжірибесінің сұрақтары, ҚММУ жалпы тәжірибе дәрігерін оқыту кезінде  білім берудің инновациялық әдістері, отбасылық медицинада білім берудің құзыреттілігі талқыланды.

Жалпы тәжірибелік дәрігерінің, ҚР отбасылық медицинаның қалыптасуындағы қосқан үлесі үшін №3 жалпы тәжірибелік дәрігер, нейрохирургия курсымен мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Қарлығаш Әнгельбайқызы Әлиханова ҚОДА құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстанның ІІІ Отбасылық Дәрігер Съезінің қарарымен www.asvk.kz сайтында танысуға болады. 


0
6328

пікірлер

пікір қалдыру үшін.