Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Үздік түлек – 2017» республикалық байқауындағы интерндердің жеңісі

«Үздік түлек – 2017» республикалық байқауындағы интерндердің жеңісі

25 Мамыр 2017

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде 14-ші рет "Үздік түлек-2017" республикалық байқауы өтті. Сайысқа тек жоғары медициналық оқу орындары қатысты. Байқауда Ақтөбе, Алматы, Семей, Қарағанды және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының 26 студенті қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын «ҚММУ үздік интерн акушер-гинекологы» - Демеева Нұрсауле Мухтаровна;«ҚММУ үздік интерн хирургы» - Дакибаев Нуртас Саматович;«ҚММУ үздік интерн терапевті» - Калимбетова Ақерке Бауржановна;«ҚММУ үздік интерн жалпы практикалық дәрігері» - Рахметов Жандос Жарылкасынович қорғады.

Дәстүрлі байқау үш кезең бойынша өтті. Алғашқысында дәрігер-интерндер өз мамандықтарынан өзге  ситуациялық тапсырма орындаса, екінші кезеңде симуляциялық технологияларды пайдаланып, жедел жәрдем көрсетуі тиіс болды. Үшінші кезеңде жас мамандар медицинадағы өзекті мәселелер арқау етілген ғылыми жұмыстарды қорғады.  Байқау нәтижесі бойынша  «Хирургия» бағыты бойынша 1-орынды Дакибаев Нуртас, «Ішкі аурулар» бағыты бойынша 1-орынды Калимбетова Акерке, «Жалпы дәрігерлік практика» бағыты бойынша 1-орынды  Рахметов Жандос иемденді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Интернатура» факультеті және «Интернатура» факультеті СӨӨБК атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Тек биік шыңдардан көрініп, ҚММУ мақтаныштары бола беріңіздер!

«Интернатура» факультеті СӨӨБК


0
6595

пікірлер

пікір қалдыру үшін.