Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылыми – тәжірибелік конференция: «Жиі ауыратын балаларды оңалтудың өзекті мәселелері »

Ғылыми – тәжірибелік конференция: «Жиі ауыратын балаларды оңалтудың өзекті мәселелері »

23 Мамыр 2017

Соңғы онжылдықта балалар ақауын диагностикалау әдістерінің біршама жетілдірілгеніне, емдеуде біршама жетістіктерге жеткеніне қарамастан, балалар арасында созылмалы тыныс алу жолдарының ауруы өршуі жоғары деңгейде. Бұл жағдай тек Қазақстанға ғана тән емес, жалпы алғанда барлық әлемнің үрдісін қайталайды.

Қазіргі кезде ЖАБ-ға (жиі ауыратын балалар) жедел респираторлық аурулармен

(ЖРА) жиі ауыратындар жатады. ЖАБ – бұл диагноз емес, тұрақты органикалық бұзылыстары жоқ, ағзаның қорғаныш жүйесіндегі өзгерістердің салдарынан болатын жиі жедел респираторлық аурулармен ауыратын балаларды диспансерлік бақылайтын топ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша ЖАБ-ға жылына 5 реттен артық ЖРА-мен ауырған балалар жатады. Респираторлық жолдың аурулары жақсы зерттелгеніне қарамастан, олардың терминологиясы бойынша, этиология, жеке нозологияның патогенезінде, диагностикасында, сонымен қатар оңалту жасауда шешілмеген көптеген сұрақтар бар. ЖАБ-ды оңалту - өте күрделі тапсырма. Жиі ауыратын балаларды кешенді оңалтуға, сауықтыру кезеңдерінің шараларына: аурудың алдын-алу және балалардың денсаулығын нығайту, сонымен бірге жедел ауруларға адекватты терапия жүргізу болып табылады.

Бұл жағдайдың пайда болуының этиологиялық және патогенетикалық механизмдерін ескере отырып, алдын-алу және емдік шаралар әсерлі болуы үшін, сауықтырудың жеке әдістерін іздестіру қажет. Медициналық оңалту балалардың толығымен айығуына бағытталған медициналық шаралар жиынтығын іске асыру үдерісі ретінде қолданбалы маңызға ие болды. ЖАБ-ды кешенді оңалту сауықтырудың барлық кезеңдерінде іске асады: отбасы, ұйымдасқан ұжым, емхана, және әсіресе санаторлы емдеу.

Осы мәселе бойынша «Березка» облыстық балалар санаториясының базасында клиникаға кіріспе кафедрасының қызметкерлері «Жедел респираторлық аурулармен жиі ауыратын балаларды оңалтудың мәселелі сұрақтары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференцияның қатысушылары дәрігер-педиатрлар, Тәжікстаннан келген академиялық ұтқырлық  бойынша оқып жатқан студенттер, ҚММУ 2-3 курс студенттері.

Алғашқы құттықтау сөз кафедра меңгерушісі .СМ. Кабиева  берілді, бұл мәселенің әлемдік деңгейде, сонымен бірге экологиялық ахуалы тұрақсыз үлкен өндіріс орталығы болып саналатын біздің қаламыздың да мәселесі екенін айтты. Профессор балабақшаға баратын ерте жастағы балалардың арасында ЖАБ тобы 50%-дан асатындығын, ал мектепке баратын оқушылардың тыныс алу жолдарының аурулары аздау екендігін және 15-20% құрайтындығын айтты.

Аудиториядағылардың назарына қызықты баяндамалар ұсынылды, соның ішінде санаторий базасында емдік жұмысын атқаратын Е.А.Корнеева, жедел респираторлық аурулармен ауыратын балаларды оңалтудың қазіргі әдістері туралы көрнекі баяндама жасады. Бұл мәселеге қазіргі заманғы көзқарастар келтірілді, теориялық мәліметтер және тәжірибелік сұрақтар қамтылған.

Кафедраның ассистенті В.В.Курилова., басшылығымен ЖМ 3071 топ студенттері Кусаинов Санжар және Сапарбекова Жұлдыз соңғы үш жылда «Березка» санаториясында сауықтырылған балалардың 500 ауру тарихының мәліметтеріне талдау жасаған. Берілген талдау бойынша емделген балалардың 56,1%- ұлдар, 43,9% -қыздар. Балалардың көбісі

Қарағанды қ.– 66,8%, қалғандары 33,2% - Қарағанды облысынан. Респираторлы жолдардың ақауы былай бөлінген: жоғары тыныс жолдарының ауруы – 61,7%, төменгі тыныс жолдарының ауруы – 31%, 7,2% жағдайда қосарланған ақауы бар балалар.

Конференцияның соңында «Жалпы медицина» факультетінің 2- курс студенттері Орлова Василиса және Мукашева Асемгүл шығынсыз, науқасқа және дені сау адамдарға

өте пайдалы Стрельникова бойынша тыныс гимнастикасын көрсетті. «Бұл өте өзекті!» - деп студенттер айтты және залдан гимнастиканы үйренгісі келетіндерді шақырды. Көптеген дәрігерлер, ассистенттер және студенттер іске белсене қатысты. Ешкімге құпия емес, біздің студенттер өздерінің белсенділіктерімен және жалындарымен кез-келген аудиторияны қуанта алады. Тренингке қатысушыларда эндорфиннің әсерінен көңіл күйлері бірден жақсарғандығын, беттері қызарып, көздері жарқырағанын көрдік!!!

Сосын санаторийдің қызметкерлері мекеме ішінде экскурсия жасады. Облыстық балалар санаториі ботаникалық бақтың ішінде орналасқан, емдік-сауықтыру кешені 200 орынға арналған, қала және облыстың балаларын оңалтумен айналысады. Санаторийдің тарихы 1957 жылдан басталған. Бұл Қазақстандағы бюджеттік негізде мемлекеттік маңызы бар жалғыз мекеме болып табылады. Қазіргі кезде балалардың психологиялық қызығушылықтарын қалыптастыра алатын, қажетті санитарлық-эпидемиологилық принциптерін сақтайтын, балаларды жасына сай орналастыра алатын архитектуралық ерекшелігі бар замануи корпус жұмыс істейді.

Жыл сайын түскен науқас балалардың ауру құрылымына талдау жасағанда, балаларда 2-3 қосымша, көбінесе созылмалы аурулары бар екенін көрсетті. Бұл санаторийдің емдік-диагностикалық кабинеттің кең спектрлі екендігін көрсетеді. Санаторийдің емдік-диагностикалық базасы аз уақыттың ішінде диагноз қоя алатын және адекватты сапалы ем жүргізетін диагностикалық және емдік кабинеттермен жабдықталған. Функционалды диагностика кабинетінде электрокардиография, спирография жүргізіледі.Санаторийдің негізгі мақтанышы болып тұзды шахта болып табылады, онда балалар жайлы ортада, босаңсытатын ән аясында ем алады. Санаторийда мектеп, кітапхана істейді. Әдістемелік материалдармен қамтылған мектеп кабинеттері барлық пән бойынша 1 -ден 8-ші сыныптарға сабақ береді.

Конференция пікір алмасумен аяқталды. Бірінші болып студенттер сөз сөйледі, конференцияның тақырыбы өте маңызды, өйткені олар тек қана болашақ дәрігерлер ғана емес, болашақ ата-аналар ретінде, бұл тақырып туралы ақпаратты жақсы білу керектігін алға тартты. Содан соң Тәжікстаннан академиялық ұтқырлық  бойынша оқуға келген студент Кодирова Гульноз сөз сөйледі, ол конференцияның өте қызықты болғанын және конференция материалдарын Тәжікстанда да қолдануға болатындығын айтты.

Конференцияның аяғында санаторийдің директоры Б.А. Омаржанова Б.А. кафедраның қызметкерлеріне және студенттерге пайдалы және қызықты іс-шараны өткізгені үшін алғысын білдірді. Денсаулық сақтаудың тәжірибелік дәрігерлерінің ғылыми әдебиеттер оқуға, статистикамен жұмыс істеуге мүмкіншіліктері жоқ екенін білеміз. Біздің студенттер көрсеткен тыныс гимнастикасы әріптестерімізге ұнағаны анық. Әрі қарай біздің студентерімізді спорттық залда балалармен белсенді сабақ өткізуге шақырды.

«Балалар сау болыңыздар! Ал біз сендерге көмектесеміз!», – конференцияның ұраны осындай.

Клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенті С.Е. Халмурадова .


0
5729

пікірлер

пікір қалдыру үшін.