Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Марат Оспанов атындағы Батыс – Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

Марат Оспанов атындағы Батыс – Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

22 Мамыр 2017

Марат Оспанов атындағы БҚММУ мен ҚММУ профессорлық-оқытушылық құрамы арасындағы академиялық мобильділік бағдарламасы негізінде дәрістер оқу, семинарлық және тәжірибелік сабақ өткізу үшін физиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Миндубаева Фарида Анваровна шақырылды.

Солтүстік-Батыс пен Батыс Қазақстанды білікті дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету үшін, 1957 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында (АқММИ) «Емдеу ісі» мамандығы ашылды, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің тарихы осы кезден бастау алады.

Университет қабырғасында ҚР мен Қазақстаннан тыс елдерге атақты ғалымдар, академиктер, профессорлар: Т.Ш. Шарманов, Р.С. Кузденбаева;  К.Ж. Ахметов; К.А. Жаманкулов, Ж.К. Ордабаев, Т.Ж. Умбетов, М. К. Телеуов, Т.К. Кудайбергенов, А.А. Утепбергенов т.б жұмыс жасады.

Қалыпты физиология кафедрасының ұйымдастырушысы, Алма-Аты мем. мед. институтының түлегі Е.Г. Скипина болып табылады. 70-жылдардан 1997 жылдары кафедраны «Медицинская биофизика» (М. 1980 ж., «Адам физиологиясы» (Алматы, 1995 ж.), «Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека» (Ақтөбе, 1995 ж.), «Балалар физиологиясы», 1997 ж.) оқулықтарының авторы, профессор А.А. Утепбергенов басқарды.2010 жылдан бастап кафедраны Алматы мем. мед. институтының түлегі, м.ғ.к., доц. Калдыбаева А. Т басқарады.

БҚММУ Миндубаевамен Ф.А. келесі дәрістер легі «ЖМ» 3 - курс студенттері үшін - «Физиология ЦНС» модулі бойынша «Физиология спинного мозга», «Физиология стволовых структур головного мозга», «Интегративная деятельность коры большого мозга», ҚДС, МПІ, МІ студенттері үшін «Физиология целенаправленной деятельности и труда», «Физиология боли», «Физиология крови» тақырыптарында оқылды.

Қалыпты физиология және патологиялық физиология кафедрасының оқытушылары ҚММУ студенттерінің инновациялық оқыту әдісімен, қалыпты патологияны оқыту тәжірибесімен таныстырылды. RBL форматында «Методы исследования функций ЦНС» әдістемелік ұсынысы, БҚММУ қалыпты физиология кафедрасының оқу үрдісіне енгізілді.

«Актуальные проблемы современной физиологии» циклі бойынша семинарлық сабақтар қалыпты және патологиялық физиология кафедрасының магистранттары,  докторанттары, оқытушылары үшін ұйымдастырылды.

Профессор Ф.А. Миндубаеваның клиникалық тәжірибе мысалымен, жақсы  бейне-слайдтармен көрсетілген дәрістері, (PBL, RBL) оқытудың инновациялық технологиясы қолданылған тәжірибелік және семинарлық сабақтары студенттердің үлкен ынтасын туғызды, қалыпты және патологиялық физиология кафедрасының оқытушыларына, барлық қатысушыларға ұнады.


0
8208

пікірлер

пікір қалдыру үшін.