Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Балалар гастроэнтерологтар, гепатологтар және нутрициологтардың Еуропалық бірлестігінің Жыл сайынғы 50-ші бірлескен отырысы» Халықаралық конгресі

«Балалар гастроэнтерологтар, гепатологтар және нутрициологтардың Еуропалық бірлестігінің Жыл сайынғы 50-ші бірлескен отырысы» Халықаралық конгресі

22 Мамыр 2017

Мамырында 10-13 2017 жылдың Прагада  президент Раанан Шамирдің ұйымдастыруымен «Балалар  гастроэнтерологтар, гепатологтар және  нутрициологтардың Еуропалық бірлестігінің Жыл сайынғы 50-ші бірлескен отырысы» халықаралық конгресі өткізілді. Конгреске әлемдік деңгейде көптеген ғалымдар, ғылыми қызметкерлер және Швециядан, Италиядан, Португалиядан, Германиядан, Швейцариядан, Ұлыбританиядан, Чехиядан, Польшадан, Нидерландтан, Франциядан, Испаниядан, Канададан және т.б., сонымен бірге ТМД елдеріннен  (Ресейден, Казақстаннан, Белоруссиядан, Украинадан, Грузиядан, Азербайджаннан) балалар гепатологиясын, гастроэнтерологиясының бүкіл әлемдік ұйымдарының  мүшелері және нутрициологтар келіп қатысты.

  Қазақстан Мемлекетінен: ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, РЖА академигі, м.ғ.д., профессор, Р.Х. Бегайдарова және Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтының балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Р.С.Идрисова арнайы шақырумен барып қатысты.

  ESPGHAN президенті, профессор Раанан Шамир және ұйымдастырушы төрайымы, профессор міндетін атқарушы Жири Бронски  конференцияың салтанатты  бөлімін ашып,  бағдарламасымен таныстырды.

Конгресте өте қызықты ғылыми бағдарламалар кең диапазонды ғылыми сессиялар мен симпозиумдар, сонымен қатар клиникалық және дипломнан кейінгі курстар, эндоскопиядан мастер-кластар ұсынылды.  Конференция барысында гепатология және балалар гастроэнтерологиясының диагностикалық және емдеу инновациялық тәсілдері, сонымен қатар балалар нутрициологиясы бөліміндегі тамақтану мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, кездесу барысында: «Ахолиялы нәжіс: ата-аналар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер бұл маркердің клиникалық маңыздылығын түсінеді ме?» (Паоло Галио, Италия), «Созылмалы Helicobacter pylory инфекциясы целиакияның ауырлық дәрежесімен ассоцирленген болып табылады ма?» (Евфрат Брод, Израиль) және т.с.  сияқты 12 станциядағы 120 үздік постерлер электронды түрде көрсетілді.

Ең қызықты баяндамалар мен ақпараттар балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлеріне, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист–дәрігерлеріне, инфекционистер бірлестігінің мүшелері мен резиденттерге таныстырылды, бұл ақпараттарды оқу барысында және клиникалық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен, бұл кездесу барлық қатысушылар үшін  халықаралық аудиторияны біріктіретін, қарым-қатынас пен өзара достықтың берік тұғырына айналды.

Конгрестің соңында карар қабылданды.


0
5758

пікірлер

пікір қалдыру үшін.