Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Душанбе қ. Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіндегі «Академиялық ұтқырлық»

Душанбе қ. Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетіндегі «Академиялық ұтқырлық»

22 Мамыр 2017

Мен 17.04.2017ж. мен 28.04.2017 ж. «Академиялық ұтқырлық»  бағдарламасы бойынша Душанбе қаласындағы, Абуали ибни Сино атындағы  Тәжік мемлекеттік медицина университетінде болдым. 

Бірінші күннен бастап маған аса мейірім, қамқорлық және достық жағдайда көңіл бөлінді. Медицина факультетінің деканы м. ғ. д Мухаббатов Джиенхон Курбоновичпен келісім бойынша менің университетте болған  кезеңім екі бөлімге бөлінді.

Мен бірінші аптада  Алғашқы медициналық көмек көрсету қалалық клиникалық аурухана базасында  орналасқан №1 хирургиялық аурулар кафедрасында болдым, кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Назаров Шохин Кувватович.  

Кафедраның доценті, м. ғ. к. Холматов Пулат Кадыровичке  ерекше алғыс айтқым келеді, ол бірінші күннен бастап мені  қамқорлығына алып маған сабақ өткізуге көмектесті. Мен дәрістер оқыдым. Өйткені эхинококкоз Тәжікстанға өлкелік патология болып табылады, менің тарапымнан «Бауыр эхинококкозын заманауи диагностикалау және емдеу әдістері» дәрісі ұсынылды, онда мен Қазақстанда ауруды оперативті емдеу әдістеріне көңіл бөлдім. Екінші дәріс тақырыбы тамыр жүйесі патологиялары «Варикозды ауруы. Аяқ көктамырлардың варикозды кеңеюі» тақырыбына арналды, студенттер арасында қызығушылық танытты және дәрістен кейін олардың сұрақтарын талқыладық. Тәжірибелік сабақ орыс тілінде оқитын 4-курс студенттеріне өткізілді. 

Менің іссапарымның екінші жартысын академик К.Т.Таджиев атындағы  №5 қалалық клиникалық ауруханада орналасқан жалпы хирургия кафедрасында өткіздім, кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Боймуродов Ориф Султанович. Бұл кафедрада хирургияны жоғарғы курстарда ғана емес және екінші курста да оқытады. Екінші курста студенттер «Хирургиядағы практикалық дағдылар» пәнін өтеді.

Кафедраның клиникалық базаларында тәжірибелік тәжірибе алмасу мақсатымен мен таңертеңгілік конференцияларға, құрсақ қуысы ағзалары, колопроктология операцияларына  қатыстым. 

Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау жетістіктерімен танысу шеңберінде,  барлық бағыттары бойынша медициналық көмек көрсететін және  өз арсеналында қазіргі заманғы жабдықтар бар  көп салалы озық емдеу мекемесі болып табылатын  «Истиклол»  медициналық кешеніне бару ұйымдастырылды.

25.04.17 ж.  6 курста бірнеше кезеңнен тұратын: ОҚКЕ, тесттілеу және ауызша емтихан мемлекеттік емтихан басталды. 

ОҚКЕ өткізуде хирургиялық бекеттерінде  емтихан қабылдаушы ретінде қатысуды ұсынды. ТММУ ОҚКЕ үдерісі алдымен студенттер ішінде билет пен чек-парағы бар конвертті таңдап алады. 

Сауалнамада келесі пәндер бойынша акушерлік іс-гинекология, хирургия, инфекциялық аурулар, балалар ауруы: 2 тапсырмадан берілді. Жауабы екібалдық жүйемен бағаланады: 0,1,2. 

Әрине мұндай әдемі елде бола тұра өлкенің көрікті жерлерін көрмеу мүмкін емес. Университеттегі әріптестер маған ертеде Ұлы Жібек жолында жатқан бір өзінің тарихи атақты Гиссар алқабында орналасқан - Гиссар бекінісін көрсетті. 

Менің екі апталық іссапарым екі күндей зымырап өтті. Әрбір күн оқиғаға, танысу және жаңа әсерлерге толы болды, бұл ТММУ барлық қызметкерлерінің күш салуының арқасында деп ойлаймын.

 ТММУ ректоры, м. ғ. д, профессор М. Қ. Гулзода академиялық  ұтқырлық бағдарламасы бойынша ынтымақтастығына алғыс айтқым келеді.

Профессор Ш.К. Назаров басшылығымен ғылым бөліміндегі, Ч.С Додхоев басшылығымен халықаралық қатынастар бөліміндегі  әріптестерге көмектескені және қолдау көрсеткені үшін рақмет.  

Декан, м.ғ.д., профессор Д.К. Мухаббатов басшылығымен  Медицина факультеті деканатындағы қызметкерлеріне  ерекше алғыс айтамын. 

ТММУ барлық қызметкерлері мен әріптестеріме өркендеу, табыс және біздің университеттеріміз арасындағы жемісті ынтымақтастығымыз ары қарай жалғасады деп үміттенемін.

№2 Хирургиялық аурулар м. а. доцент, PhD 

Калиева Д.К. 


0
7574

пікірлер

пікір қалдыру үшін.