Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттер және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Студенттер және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

10 Мамыр 2017

Минск қаласында "Қазіргі медицина және фармацияның өзекті мәселелері - 2017" атты LXXI Студенттер және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын.

  1500-ден астам қатысушылар тек  өздерінің зерттеулерін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар олардың 20-сы мастер-класқа, 10-ны дәріске қатысты, өзінің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, көпшілік алдында теңдесі жоқ тәжірибе алуына, жақын және шет елдерінің жас ғалымдарымен танысуға мүмкіндік болды.

  Халықаралық  ғылыми-практикалық конференциясына ҚММУ-нен 5- курс студенттері  Кенесаров Алмас Сейткалиевич пен Камиров Думан Куандыкович "Уровень биомаркера sCD14 в зависимости от степени интраабдоминальной гипертензии у пациентов с острой хирургической патологией" тақырыбымен баяндама жасады.

Жұмыс  өзектілігіне қарай дұрыс бағаланып, 1 орын алды, ал студенттер 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Конференцияның қорытындысы бойынша ҚММУ-ге  1 дәрежелі 4 диплом және конференцияға қатысушы сертификатын әкелді. 

Конференцияның қатысушылары атынан ҚММУ-ң әкімшілдігіне  Минск қаласында өткен  халықаралық  ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға мүмкіндік бергені үшін  үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

№2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор  Тургунов Ермек Мейрамовичке және  ассистент Мугазов Мирас Мугазовичке, сонымен қатар "СНК 2ХО" ғылыми үйірменің барлық жас зерттеушілер тобына ғылыми-зерттеу жұмысы барысына көмегі үшін  жеке шексіз алғысымызды білдіреміз.

Кенесаров Алмас Сейткалиевич және Камиров Думан Куандыкович - «Жалпы медицина»  мамандығының 5-курс студенттері.


0
5988

пікірлер

пікір қалдыру үшін.