Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Есімізде, ескереміз, мақтан тұтамыз!

Есімізде, ескереміз, мақтан тұтамыз!

10 Мамыр 2017

Соғыс...Соғыс туралы қанша сөз айтылды, сонымен қатар, қанша сөз айтылмады...Адамдардың басынан кешкен қоқыныштарының өлшемі жоқ...Құрбандарды қайтару мүмкін емес...Уақыт қайта оралмайды...Соғыс ешкімді аямайды!

Әр адамның міндеті – Ұлы Отан соғысы жайында естеліктерді жадында ұстау. Осы күнге жеткен Ұлы Отан соғысы қатысушылары өздерінің ерліктерінің ұмыт болмағанын, ешқашан  ұмытылмайтынын, оққа ұшқан достарының қазасы бекерден болмағанын, олар туралы естеліктердің жаңғырып тұрғанын, сол жылдардың ерлігі ғасырлар бойы жас ұрпақтың жолында темірқазық іспеттес боларын білуі тиіс. Ал, Ұлы Жеңіс күні мақтаныш, жүректердегі селт еткізер сезіммен қатар,  көзге жас алып тойлайтын мереке ретінде қалмақ.  Ұлы Жеңіс күні – осы бейбітшілік күнді сыйлаған абзал қаһармандардың құрметіне тойланатын күн!

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мәңгілік алау алаңына гүл шоқтарын қою - №2 ішкі аурулар кафедрасының 6,7 курс интерндерінің жыл сайын өткізетін дәстүрлі шарасы. Бұл Ұлы Отан соғысы қатысушыларына осы бейбіт заман үшін сөзсіз алғыс айту, қаһармандарды  еске алу, жоқтау белгісі. Ұлы Жеңіс күнінің қандай термен, қанмен келгенін ғасырлар бойы ұмытпау әр адамның асқақ борышы!

№2 ішкі аурулар кафедрасы ұжымы


0
5508

пікірлер

пікір қалдыру үшін.