Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдар арасындағы ХХ халықаралық медико-биологиялық ғылыми конференция

Жас ғалымдар арасындағы ХХ халықаралық медико-биологиялық ғылыми конференция

05 Мамыр 2017

2017 жылдың 22 сәуірінде Санкт-Петербург қаласында жас ғалымдар арасындағы «Фундаменталды ғылым және клиникалық медицина. Адам және оның денсаулығы» атты ХХ халықаралық медициналық-биологиялық  ғылыми конференция  өтті. Конференцияға 18 мемлекеттен және 60 қаладан қатысушылар шақырылды. 

Және маған 5 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті Алпыспаев Даулетке аталған конференцияға қатысуға мүмкіншілік берілді және «ВГВ Қазақстан республикасында эпидемиологиялық таралуы» тақырып бойынша үздік стендтік баяндама болып ІІІ дәрежелі диплом иегері болып аталдым (ғылыми жетекші – эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының аға оқытушысы Мендибай Салтанат Танашевна). Біздің университеттің басшысы  Досмағамбетова Раушан Султановнаға аталған конференцияға қатысуға мүмкіншілік бергені үшін үлкен алғысымды айтамын, сонымен қатар  өз алғысымды «эпидемиология және коммуналды гигиена» кафедрасына және «профилактикалық медицина, биология және фармация» деканатына қолдауы үшін алғысымды айтамын.

Алпысбаев Даулет

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының

5  курс студенті


0
6338

пікірлер

пікір қалдыру үшін.