Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«2017 жылғы мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» конкурсының қорытындысы шықты

«2017 жылғы мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» конкурсының қорытындысы шықты

05 Мамыр 2017

26 – 28 сәуір аралығында Қарағанды мемелекеттік медицина университетінде жыл сайынғы «Мамандық бойынша ҚММУ ең үздік түлегі» атағын беру үшін конкурс өтті. Конкурсқа мамандықта ең үздік және «2017 жылдағы мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» атағына лайықты екенін дәлелдеуге дайын 26 түлектер қатысты. Конкурс 4 кезеңнен тұрды: тестілеу, портфолионы бағалау, клиникалық құзыреттілікті бағалау, ғылыми жобаны ұсыну. Оқуда және ғылымда өздерін көрсете білген дарынды түлектер құрметті атақ үшін күресті.

Конкурстың бірінші кезеңі – теориялық білімді бағалау деңгейі тестілеу түрінде жүргізілді, конкурсқа қатысушалар тестілеуді өз бағдары бойынша өткізді. Конкурстың екінші кезеңі портфолионы бағалауды қарастырды, конкурстық материалдар қағаз нұсқасында папкада тапсырылды. Портфолионы бағалаудың қорытындысы бойынша интерн терапевт - Калимбетова Акеркенің,  интерн терапевт - Жумабаева Акмаралдың, қоғамдық денсаулық сақтаудың бакалавры - Қуаныш Жұлдыздың  портфолиолары комиссиямен ерекшеленді.

Үшінші кезеңде барлық конкурсанттар жедел коронарлы синдром кезіндегі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел бітелісі кезіндегі, дәрілік анафилаксиялық шок кезіндегі,  қол жарақаттарының және тері жамылғыларының тұтастығының бұзылыстары кезіндегі шұғыл көмекті жүргізді, негізгі жүрек-өкпе қызметінің реанимациясын көрсетті. Кабинеттер заманауи жаттығу құрылғыларымен, қуыршақтармен (манекендермен), медициналық жабдықтармен және құралдармен, аудио-бейне аппараттарымен, компьютерлік техникамен жабдықтандырылды. Тапсырмаларды орындаудың қорытындысы чек-қағаздардың көмегімен бағаланды.

3 кезеңнің қорытындысы бойынша конкурстық комиссиямен интерн акушер-гинеколог - Демеева Нурсауле, интерн терапевт - Югай Кирилл, интерн ЖПД - Рахметов Жандос, клиникалық құзыреттілікті ептілікпен көрсеткен қатысушыларбелгіленді. 

Конкурстың төртінші кезеңі - ғылыми жобаны ұсыну. Қатысушылар медицинадағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми жобаларды қорғады: жүктілердегі артериялы қысымның көтерілуі, ойық жара ауруы, АИВ ауыратын науқастардың мәселелері, семірудің таралуының және қауіп дамуының факторлары, экологиялық қолайсыз аймақтардағы тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау және т.б. Әр қатысушы өзінің дайындық деңгейін көрсетті.

Конкурстың 4 кезеңінің қорытындылары бойынша 2017 ж. «Мамандық бойынша ҚММУ үздік түлегі» келесі номинациялар бойынша жеңімпаз болды:

-«ҚММУ үздік интерн акушер-гинекологы» - Демеева Нурсауле Мухтаровна;

-«ҚММУ үздік интерн хирургы» - Дакибаев Нуртас Саматович;

-«ҚММУ үздік интерн терапевті» - Калимбетова Акерке Бауржановна;

-«ҚММУ үздік интерн жалпы практикалық дәрігері» - Рахметов Жандос Жарылкасынович;

-«ҚММУ үздік интерн стоматологы» - Аширбекова Жадыра Жанамаевна;

- «ҚММУ үздік қоғамдық денсаулық сақтаудың түлегі»  - ҚуанышЖұлдыз Маратқызы.

2017 ж. «Мамандық бойынша ҚММУ ең үздік түлегі» конкурсының марапаттау рәсімі медициналық қазметкерлер күніне арналған ҚММУ салтанатты шарасында жүргізіледі.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлім


0
6515

пікірлер

пікір қалдыру үшін.