Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Балалар аурулары пропедевтикасы» пәнінен академиялықұтқырлық

«Балалар аурулары пропедевтикасы» пәнінен академиялықұтқырлық

04 Мамыр 2017

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 17 сәуірінен 24 сәуір аралығында ҚММУ клиникаға кіріспе кафедрасының меңгерушісі  м.ғ.д. профессор С.М. Кабиева Қазан мемлекеттік медицина университетінінің 3-курс студенттеріне «Балалар ауруы пропедевтикасы» пәнінен  курс жүргізді.

Жұмыс барысында дәрістер оқылды, оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Курста балалардың дамуы және өсуінің заңдылықты сұрақтары, балалар ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, мүшелерді және жүйелерді қарау әдістері және зақымдалу семиотикасы қарастырылды. Дамушы ағзадағы гемограмманың  түсініктемесі бойынша мәселелік дәріс студенттердің ерекше қызығушылығын туғызды. 

Менің келуімді жан-жақты етіп ұйымдастырған кафедра меңгерушісі Р.А. Файзуллинаға ризашылығымды білдіргім келеді: білім беру қызметінің проректоры Л.М. Мухарямовамен кездесу, кафедраның клиникалық базаларын көру, Диссертациялық Кеңес жұмысына, конференцияға қатысу, ҚазММУ мұражайына бару, қалаға экскурсия жасау, кафедра қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасау.

Кафедра отырысында балалар ауруы пропедевтикасы және емдеу факультетінің балалар ауруы курсымен факультеттік педиатрияныңкафедра қызметкерлерімен оқытудың белсенді әдістерінің қолданылуы, студенттердің білімін бағалау әдістері, медициналық білім беру зерттеулері туралы талқыланды. Бірігіп жұмыс істеу барысында қабылдаушы жақпен әртүрлі жастағы балалардың тамақтану принциптері және физикалық дамуын бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолданудың жалпы түрлері келісілді.

Қазан медициналық университеті әріптестерімен конструктивті жұмыс істеуге мүмкіндік бергеніне, студенттерді оқытуда жемісті жұмыс істеуге жағдай жасағаны үшін  ҚММУ ректоры м.ғ.д., профессор Р.С. Досмағамбетоваға, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректорыВ.Б. Молотов-Лучанскийге, халықаралық ынтымақтастық бөліміне үлкен алғысымды білдіремін.

Клиникаға кіріспе каф. меңгерушісі С.М. Кабиева


0
5996

пікірлер

пікір қалдыру үшін.