Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Аса қауіпті инфекциялар» семинары

«Аса қауіпті инфекциялар» семинары

04 Мамыр 2017

     25.04.-26.04.2017 жыл аралығында Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында, Қарағанды облысының Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының оқытушылары, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы «Аса қауіпті жұқпалы аурулар: дифференциалды диагностиканың ерекшеліктері және дәрілік терапияның заманауи қағидаттары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 

     Семинарға қатысушыларды кафедра меңгерушісі Антонина Аркадьевна Ким қарсы алды. Семинарда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері, "Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар" мамандығының резиденттері, ЖМ мамандығының интерндері, Қарағанды қ. емдеу мекемелерінің (ҚММ ОКА, ҚММ ОКТД, ҚММ ООД, ҚММ «Қарағанды қ. балалар ауруханасы», «Мақажанов атындағы ЖШС», ЖШС «Alanda Clinic», ЖШС МФ «Мерей», ЖШС МФ «Гиппократ», ҚММ «Қарағанды қ. перзентханасы» және т.б.) терапевт, хирург, акушер-гинеколог, фтизиатр, инфекционист, эпидемиолог дәрігерлері, сонымен қатар Теміртау, Абай, Саран, Балқаш, Жезказған, Сатпаев қалаларының поликлиникалық және стационарлық қызметінің дәрігерлері қатысты. Барлығы 80-нен астам адам қатысты.

     Қазақстан Республикасында инфекциялық қызметінің жағдайы туралы, ҚММУ проректоры м. ғ. д., профессор, штаттан тыс инфекционист Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы баяндады. Баяндама жасаған ассистенттер: Е. С. Жүнісов медицина магистрі, Е. Л. Колмогорова, Г. Р. Бейсенова, PhD докторы Н.Е. Сарсекеева, У. О. Хайырова Т. П. Мансурова өткізді. Кафедра оқытушылары айтқан өзекті мәселелері: (АҚИ) Қазақстан Республикасында аса қауіпті инфекциялар бойынша әлемде эпидемиялық жағдайды басқаруды және стандартты жағдайларын анықтау (болжам, ықтимал, дәлелденген)

     Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушылар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызуға дейінгі , эвакуациялау тәртібін меңгеріп, бағалы кеңестер алды. Сондай-ақ бағалы кеңестер мен ұсыныстарға оң пікірлер берілді. 


0
6311

пікірлер

пікір қалдыру үшін.