Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Body Interact ҚММУ-де

Body Interact ҚММУ-де

05 Мамыр 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті ТМД елдерінің Медициналық жоо-ң еш біреуінде кездеспейтін жаңа құрылғыға қол жеткізіп отыр. 

Интерактивті виртуалды жүйе диагноз қоюды өтеуге, клиникалық шешімдерді қабылдауға және жоғарғы курс студенттерін «виртуалды науқас»  технологиясының көмегімен клиникалық ойлауды дамытуға арналған. Виртуалды науқас - виртуалды науқас бейнеленген көлденең сенсорлы үстел-экран  тәрізді болып келген және онда  диагностика кезінде сұратылған физиологиялық параметрлердің, электрокардиографияның, рентген суреттерінің, тағайындалған зертханалық зерттеу нәтижелерінің мәліметтері шығады. Виртуалды симулятор шынайы уақыт тәртібінде науқас жағдайының өзгеруін, сонымен қатар  студенттер орындаған барлық манипуляцияларын, науқастың жүргізілген емдік шара әсеріне жауабын бейнелейді. Оқу сессиясы аяқталғаннан кейін экранға берілген критерилер бойынша студенттің іс-әрекетінің обьективті бағасы шығады.

 2015 жылдан бастап Body Interact-ті барлық әлем бойынша , атап айтсақ  American College of Cardiology (США), American Heart Association (США), American Stroke Association США ұйымындарында,  Джорджа Брауна колледжінде (Канада),  Майо (США) клиникасында,  Католика де Муриа университетінде(Испания), Копенгаген университетінде (Дания), Вена университетінде (Австрия), Универсидад де Коимбра (Португалия) Миньо университетінде (Португалия) және Техас университетінде (США) қолданылады.


0
6872

пікірлер

пікір қалдыру үшін.