Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының медицина университеттерінің студенттік өзін-өзі басқару органдарының І Республикалық жастар көшбасшыларының Форумы

Қазақстан Республикасының медицина университеттерінің студенттік өзін-өзі басқару органдарының І Республикалық жастар көшбасшыларының Форумы

04 Мамыр 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде 2017 жылдың 15-17 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының медицина университеттерінің студенттік өзін-өзі басқару органдарының тұңғыш Республикалық жастар көшбасшыларының Форумы университет қолдауымен, «Самұрық» СР ұйымдастыруымен өткізілді.

  Форумның мақсаттары: бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және ұйымдастыру үшін жағдай жасау, еліміздің медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдары арасындағы аймақаралық қарым-қатынастарды нығайту.

  Форумға Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Астана медициналық университетінің, Семей мемлекеттік медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жастар көшбасшыларынан барлығы 80-нен астам адам қатысты.

  Әлеуметтік желілер арқылы онлайн түрінде күнделікті Форумның жұмысы көрсетіліп отырды.

  Бірінші күні – пленарлық отырыс өтті және келесідей тақырыптарда секция бойынша пікірталас жүргізілді:

1. «Медициналық университеттердегі студенттік өзін-өзі басқару: оның жетістіктері, мәселелері, болашағы және даму жолдары»;

2. «Студенттік өзін-өзі басқару органдарының ел жастарының ғылыми және білім беру қызметінің дамуындағы рөлі»;

3. «Жаһандану және интернационалдандыру жағдайындағы заманауи медицина жастарын дамыту».

  Секция бойынша отырыстарда Форумның қатысушылары өз пікірлерімен, ойларымен алмасты, болашаққа деген жоспарлар мен жобаларды талқыға салды.

  Білім және ғылым үрдісі, оның рөлі, замануи жағдайларда даму әлеуеті сұрақтары аясында белсенді түрде пікірталас жүргізілді.

  Форумның алғашқы күні Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымын тамашалаумен аяқталды.

  Екінші күні – келесі сұрақтар талқыланды:

  1. «Жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда студенттік ұйымдардың қатысуы»;

  2. «Денсаулық сақтау саласындағы студенттердің мәдениеті»;

  3. «Студенттік қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-әрекеті».

  Студенттердің Отанына деген патриоттық сезімінің дамуына, тұрақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру жолдарына, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің мәдениетіне, деонтология мен мінез-құлық этикасына ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексі және қатысушы университеттердің кодексі қарастырылды. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының үкіметтік ведомствалармен өзара әрекеттесуі туралы, олардың байланысу нүктесі мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін бірігіп жұмыс жасау жолдары; академиялық адалдық, жемқорлыққа қарсы саясат және ел жастарында діни экстремизмнің алдын алу сұрақтарын талқылау маңызды орын алды.

  Сол күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында Форумның қатысушылары белсенділік танытқан спорттық іс-шаралар өткізілді. Осымен еліміздің медицина жастары тек оқуда ғана емес, спортта да көшбасшы екенін көрсетті! Салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру үшін белсенді жұмыс жасайды.

  Форумның үшінші күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетін экскурсия жасалды. Қонақтар Практикалық дағдылар орталығын, стоматологиялық клиниканы, анатомиялық мұражайды, университеттің тарихи мұражайын және кітапхананы аралады.

  Сонымен қатар, секция отырыстарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу сұрағы талқыланды.

  Форум соңында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызымен делегаттардың кездесуі өтті.

  Форумды қорытындылай келе, Форумды жыл сайын өткізу шешімі бірауыздан қабылданды.

  ҚММУ «Самұрық» СР Байланыс және ақпарат министрлігі


0
6014

пікірлер

пікір қалдыру үшін.