Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) шеңберіндегі студенттік конференция

Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) шеңберіндегі студенттік конференция

03 Мамыр 2017

«№1 жедел және кідіріссіз медициналық көмек» кафедрасында 24сәуір күні кезекті ғылыми зерттеулер әдістемесіне арналған студенттік конференция  өткізілді.

«Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттері өздерінің ғылыми жобаларын, эссе жазу,  E-постер құрастыру тәжірибелерімен бөлісті.  

5-курс студенттері А.Б. Ашимова (5-098 топ студенті),  Н.Н. Хамидулина, Б.М. Балташтың  (5-099 тобының студенттері) баяндамалары аталып өтті. Зерттеу жобалары ғылыми студенттік үйірме аясында кафедра меңгерушісі доцент А.Р. Алпысованың жетекшілігімен жасалған.  Студенттердің ғылыми жұмыстары студенттік конференцияларда Қарағанды және Ақтөбе  қалаларында ауызша және Е-постер баяндама түрінде құрастырылған.

Студенттердің ғылыми іздестіру жұмыстары студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларында, ҚР БҒМ өткізетін студенттік конференцияларда, студенттік конкурста, сонымен қатар, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының, «Аллергология және иммунология» журналында басылым түрінде шықты, зерттеу құжаты клиникалық медицина және иммунореабилитация бойынша XXIII Дүниежүзілік Конгреске жіберілді.

А.А. Медетбекова (5-061 тобының студенті), В.В. Прокофьева (5-068 тобының студенті), Н. Смағұл және К. Қалықберді (5-015 тобының студенттері) «Гипертермия» тақырыбына арналған эссенің жазылу тапсырмасына шығармашылықпен қарап, эссенің жазылуы мен рәсімделуінің ерекшеліктерін тыңдармандарға баяндады. Қатысушылар тақырыпқа қызығушылықпен қарап, талқылауға белсенді түрде қатысты.

Конференцияның келесі бөлімінде «Гипертермия, онкопатологияны емдеу әдісі ретінде» тақырыбы бойынша ғылыми мақаланың талдауы айтылды. Ж.А. Жалел және Н.А. Серікбай (5-061 ЖМ), С.Ш. Касенова және Р.О. Нурманова (5-068 ЖМ), А. Сейдалина, М. Батқұлден, А. Төлегенова (5-007 ЖМ) тәуелсіз сарапшы рөлінде болып, ғылыми сипаттағы мақалаларға өздерінің пікірлерін қалдырып көрді.

Конференция медициналық сипаттағы тақырып  бойынша ғылыми зерттеу жобасын құрастыруға және тыңдармандарға өз жұмысын көрсетуге міндеттелген топтық жұмыспен аяқталды.

Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) шеңберіндегі студенттік конференция №1 ЖжКМК кафедрасының меңгерушісі А.Р. Алпысова, кафедра ассистенті Л.М. Матаева және 1 оқу жылы магистранты Ю.В. Субботаның жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Сабақты осы үлгіде өткізудің арқасында студенттер тақырыпты қызығушылықпен меңгеріп, талқылауларға қатысып және жаңа дағдыларды игере алады. Ғылымға бағытталған оқыту (RBL) аясындағы студенттік конференция студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға құштарлығын арттырады. 

Кафедра меңгерушісі, доцент А.Р.Алпысова

5-курсстуденттері А.Б. Ашимова, Н.Н. Хамидулина


0
5782

пікірлер

пікір қалдыру үшін.