Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінде MMIбойынша шеберлік сабағын өткізу және академиялық ұтқырлық

Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінде MMIбойынша шеберлік сабағын өткізу және академиялық ұтқырлық

03 Мамыр 2017

Қазіргі кездегі жоғарғы білімнің негізгі бағыттарының біріне ұтқырлық жатады. 10.04.2017 ж.  - 21.04.2017 ж. аралығында бізге, яғни, ҚММУ аға оқытушылары С.А. Никифорова және Б.Б. Рысбековаға 2018 жылы 300 жыл толатын Семей қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, медициналық университеттің Қазіргі Қазақстан тарихы және ЖББ кафедрасында болу сәті түсті.  

ЖОО-ның және оның қызметкерлері туралы жағымды пікір бірінші күннен қалыптасты, және бұл Семей қаласының ММУ көрнекті жерлері мен «ерекше» орындарына саяхат таудан орын алды.

 Біз академиялық ұтқырлықтан өткен Қазіргі заман Қазақстан тарихы және ЖББ кафедрасында тату, креативті және әрбір өкілі болашақ медицина мамандарының дамуы мен тәрбиесіне жан тәнімен және үлкен жауапкершілікпен  қатысатын  жоғарғы әлеуетті ұжым жұмыс жасайды.  

Бізбен әлеуметтану және экономикалық теория негіздері бойынша сабақ жүргізу барысында оқытудың инновациялық әдістері басымырақ қолданылды, ол сабаққа қатысқан кафедра оқытушылары мен студенттер тарапынан қызығушылық тудырды және қолдау тапты.

Кафедра оқытушыларына инновациялық технологиялар, оқытудың белсенді әдістері мен оқу үдерісіне оқытуды енгізу бойынша әдістемелік семинар жүргізілді, мұнда жеке мәселе ретінде білім беру үдерісін жетілдіру үшін MOODLE платформасының мүмкіндіктері қарастырылды.  Қатысушы кафедра оқытушыларының тұжырымдамалары бойынша семинардың өзін-өзі кәсіби жетілдіруге және бастамаларға ынталандырады.  

 Бізге 14.04.2017 ж. Семей қаласының ММУ-нің Қазіргі заман Қазақстан тарихы және ЖББ кафедрасының аға оқытушысы С.А. Купанова мен оқытушы Д.М. Рымановтың жетекшілігімен өткен «Діни экстремизм және терроризм. Қазіргі заманның сын-тегеуріндері» тақырыбында «дөңгелек үстел» түріндегі кездесуге қатысу жолы түсті.

Көптеген мини-сұхбаттарды дайындау және өткізу жөніндегі  шеберлік сабағынбағдарламасы бойынша ұйымдастырушылар, сұхбат алушылар, студенттер, техникалық хатшымен кездесу өтті, олар бірінші оқытылды, содан кейін практикалық бөлімге қатысты.  Пікірталас шеңберінде MMI өткізудің проблемалық сұрақтары талқыланды. Аяқталуы барысында қорытынды жасалды, қатысушылармен кері байланыс орнатылды және оларға сертификат ұсынылды. Шеберлік сабағышақырушы тараптан оң бағаға ие болды (Семей қ. ММУ).

Осы уақыт ішінде бізбен Асель Керимбековна Жанатбекованың басшылығымен қызметкерлерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, Алуа Мұратқызы, сонымен қатар, қабылдау комиссиясының хатшысы Даурен Ерланович Советбеков жұмыс жасады.  

Академиялық ұтқырлықтан өту және MMI бойынша шеберлік сабағын өткізу қорытындысы бойынша бізге сертификат және Семей қаласы Мемлекеттік медицина университетінің ректоры Т.К. Рахыпбековтан алғыс хат ұсынылды. 

Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінде академиялық ұтқырлық өту мүмкіндігін ұсынған біздің университет ректоры Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетоваға, Практикалық дағдылар орталығының директоры  Гульшат Сейтмуратовна Кемеловаға ризашылық білдіреміз.  

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің аға оқытушылары С.А. Никифорова, Б.Б. Рысбекова


0
6086

пікірлер

пікір қалдыру үшін.