Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Әлеуметтік денсаулық сақтау» және «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түлектер мен жұмыс берушілердің кездесуі.

«Әлеуметтік денсаулық сақтау» және «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша түлектер мен жұмыс берушілердің кездесуі.

03 Мамыр 2017

 28 сәуір 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде жұмыс берушілер мен түлектердің кезекті кездесуі өтті. Іс-шараға «Қарағанды, Ақмола облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау Департаменті» РГУ және ПХВның РГП филиалдарының Қарағанды облысы және Астана қаласының «Ұлттық экспертиза орталығының» өкілдері мен меңгерушілері, КГКП «Облыстық психо-неврологиялық Диспансер», КГКП «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы», КГКП «Облыстық балалар психо-неврологиялық диспансер», Х.Ж. Макажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығының кадрлық қызметінің өкілдері қатысты.

Б.Н. Кошерова- НПР және клиникалық жұмыс бойынша проректор іс-шара қатысушыларын қарсы алды, Б.К. Омаркулов ОКР және ТВ басшысы бітіруші түлектердің кәсіби қызметінің аясы, жас мамандарды жұмысқа бағыттау туралы ақпарат берді, В. Н. Приз- профилактикалық медицина, биология және фармация факультеті деканы мамандықты дұрыс тандауға сәттілік тіледі.

Келесі сөз кезегін жұмыс берушілер жалғастырды. Бірінші сөз кезегін ҚР ДСМ КООЗ Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің меңгерушісінің орынбасары Ю.Л. Залыгин алды. Сөз басында еліміздің даму стратегиясы мен оның 30 дамыған елге кіру талпынысына және денсаулық сақтау саласының маңызды рөл ойнайтынына ерекше тоқталып өтті. Мысалы  ретінде, жақында болған Сібір жарасы, шошқа тұмауы, тағамдық  улану секілді эпидемиялық ошақты жоюға қатысты жүргізілген іс- шаралар көрсетілді. Ю.Л. Залыгин тандаған мамандықтарынан жолынан таймауға, сонымен қатар бұл сферадағы жұмыс өте қызықты, аналитикалық, қажетті екенің айта өтті.

Қарағанды облысының  қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті  қызметкерлерін басқару қызметінің басты маманы С.Ж.Аппасова Қарағанды облысы бойынша филиалдарда 60 тан көп бос орын барын баяндады. Байқаудың өтуі және болашақ мемлекеттік қызметкерлердің тестілеуі жайлы түлектердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, еңбектің бонустық төлемақысының болуын мәлімдеді, бұның арқасында мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік кепілдігінің күшейуі және қызметтік этиканы сақтау бойынша қатаң талаптар орнатылады.

  Астана қаласының «Экспертиза жөніндегі ұлттық орталық» ПХВның РГП филиалының  директоры өзінің баяндамасында қысқаша кадрлер құрамын сипаттады, онда кадрлар филиалына  мамандар көптеп қажеттігін көрсетті.

  Келесі баяндамаларды баяндағандар, Қарағанды облысының «Экспертиза жөніндегі ұлттық орталық» ПХВның РГП  ұйымдастыру- әдістемелік жұмыс бөлімнің ұйымдастыру кадрлық жұмыс филиалының маманы Е.Ж.Курбанбекова және Шығыс- Қазақстан облысының «Санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза орталығының» облыстық филиал бөлімінің директоры Бихожаева Ш.С. Қазіргі жағдайда Министрліктің қайта ұйымдастыруына байланысты, қазіргі уақытта барлық облыстарда жақын арада ЖДС және МПІ мамандары жетіспеушілік жағдайын туындайтынын айтты.  

  Ақмола облысының әлеуметтік денсаулық сақтау күзеті Департаментінің басшысы Дюсенов Азамат Кинаятұлы жағдайды егжей- тегжейлі баяндады ,ол, Ақмола облысында жұмысшылардың еңбекақысы мен мансабының жоғарылауына, Қазақстанның экологиялық таза аймақтарында тұрудың артықшылығына,әр түрлі аудандар мен Көкшетау қаласының өзінен тұрғын үй нұсқалары бар екендігін баяндап, Ақмола облысына жас мамандарды шақырды.

  Кездесу соныңда барлық қатысушылар біздің университеттің түлектерімен болашақта серіктестік және көмектесу жайлы ақылдасып, өздерінің бос орындары жайлы ақпарат пен байланыс деректерін тастады.

Түлектердің жұмыспен қамтылуы және клиникалық жұмыс бөлімі.


0
6396

пікірлер

пікір қалдыру үшін.