Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Пәнаралық кәсіпаралық студенттік конференция

Пәнаралық кәсіпаралық студенттік конференция

03 Мамыр 2017

Орыс тілі кафедрасында «Медицина саласындағы заңнама: заңнамалық мәтіндердің тілі мен стилі» тақырыбындағы пәнаралық кәсіпаралық студенттік конференция өтті. Конференцияға жалпы медицина және стоматология факультетінің 2 - курс студенттері мен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының курсанттары қатысты. Конференция «Кәсіптік орыс тілі» пәні бойынша «Ресми-іскерлік стилін» оқу аясында өтті. Студенттер мен курсанттар келешек медицина қызметкерлерін, келешек құқық қорғау органдары қызметкерлерін толғандыратын медициналық заңнамадағы әлеуметтік маңызды аспектілер жөніндегі заңнамалық мәтіндерге тіл, медицина, заң тұрғысынан талдау жасап, талқылады. Конференция барысында студенттер мен курсанттардың көзқарастарының үйлесімділігі байқалды, сонда да жастар пікір таластырып, ойларын ортаға салды. Заң мәселелері бойынша пікірталасты шақырылған сарапшылар: Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының азаматтық – құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары - полиция капитаны  Дәулет Құмарбекұлы Райбаев пен полиция аға лейтенанты Асқар Қанатұлы Әлібаев реттеді.

Орыс тілі кафедрасы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының тілдік дайындық кафедрасының оқытушылары полиция майоры Мария Сериковна Әбішеваға және полиция капитаны Елена Николаевна Василишинаға ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жасағаны үшін алғыс білдірді.

Өткізілген іс-шара аясында алынған білімдер құқық қорғау органдары қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің білім өрісін кеңейтуге, мамандарды даярлау сапасын арттыруға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және ресми-іскерлік коммуникативтік дағдыларын бекітуге себепкер болады.


0
5888

пікірлер

пікір қалдыру үшін.