Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы мен тәжірибесі туралы

Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы мен тәжірибесі туралы

27 Сәуір 2017

2017 жылдың 22 сәуірінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымының әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағартушылық көзқарастары» атты Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қатысуымын ІІІ онлайн режиміндегі дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің көрнекті ғалымдары мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Іс-шараның модераторлары ҚММУ-дың «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғалымдарының кандидаты, доцент  Қ.А. Темірғалиев, гуманитарлық ғылымдар магистрі Г.А. Мухатаева және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Экономикалық теория курсымен денсаулық сақтаудағы экономика және медициналық сақтандыру» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Ә. Садыров болды.

Дөңгелек үстелдің жұмысында студенттер мен магистраттар ерекше белсенділік көрсетті.

Студенттер өздерінің мәлімдемелерінде өткізіліп жатқан іс-шараға жақсы дайындықтарын көрсетті, тақырыптың өзектілігін нақты негіздеп, мәселенің мәнін жеткізе алды және ұсынылған ережелерді қорғай алды. Дөңгелек үстелдің қатысушылары мен қонақтар арасында қызу айтыс жүріп, күтпеген сұрақтар қойылды.

Дөңгелек үстелдің аяғында қабылданған қарарда XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы ұшқыр әлеуметтік, адамгершілік сезімдерге ие бола отырып, үнемі әлеуметтегі тұлғаның жағдайы мен оның жаңа қоғам құруға қатынасы туралы, әр адамның демократиялық бостандыққа, адамзаттық мәдениеттің жетістіктеріне қол жеткізуге және игеруге деген құқықтары туралы мәселелерді көтергендігі аталып өтті. Алаш қайраткерлерінің қоғамдық ойлары мен рухани мұраларының тәжірибелері мәңгілік халық есінде және тарих шежіресінде қалмақ.


0
5709

пікірлер

пікір қалдыру үшін.