Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ ректоры кубогы үшін пікірсайыс турнирі

ҚММУ ректоры кубогы үшін пікірсайыс турнирі

27 Сәуір 2017

15-16 сәуір аралығында ЖОО-да  «Дарындылар көш бастайды» атты I Республикалық пікірсайыс турнирі болып  өтті.  

Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан 56 команда қатысты. Ресми өткізілу форматы: «Американский Парламентский», «Британский Парламентский»және «Линкольн-Дуглас».  Турнирдің ресми тілі: қазақша және орысша.

Шараның басты мақсаты – студенттердің азаматтық бастамасын дамыту, жастардың пікірталас дағдылары мен көзқарасын кеңейту және де азаматтық ұстанымын қорғау.

Екі күнге созылған сайыста «Орыс лигасының» қорытындысы мынадай:

 

IIIорын - Жантасов Рустам және Арманов Рустем (Петропавловск, өнер колледжі жәнеМедицина колледжі)

IIорын - Мамазов Мирхия (Астана, ММУ ҚФ) және Кадыров Мухиддин (Қарағанды, ҚММУ)

Iорын - Габбас Саулет (ПМУ) және Айкенов Даулет (Астана, АМУ)

Үздік спикер:  Габбас Саулет (ПМУ).

Іріктеу кезеңдерінен кейін «Қазақ лигасында»  финалға 2 үздік команда жолдама алды, олар: Астана медицина университеті және С.Д.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ. Мазмұнды ойын және жеңіске деген жігер көрсете білген АМУ студенттері Тұрсынханова Салтанат және Жолдасбек Меруерт айқын басымдылықпен ҚММУ ректоры кубогы үшін I Республикалық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды.

«Линкольн-Дуглас» форматы бойынша ақтық кезеңде турнирдің екі тәжірибелі пікірсайысшылары Дастан Аққожа (Университет «Тұран», Алматы) мен Сәндібек Әлібек (С.Д.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ) кездесті. Қазылар бірауыздан қабылдаған шешімімен ҚММУ ректоры кубогы үшін I Республикалық пікірсайыс турнирі жеңімпазы Дастан Аққожа атанды.

Турнир қорытындысы:

III орын - «Біз романтик емеспіз» командасы Семей Медицина Университеті

II орын - «Альма Матер» командасы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.

Iорын -SMILE” командасы АстанаМедицина университеті.

Турнирдің барлық жеңімпаздары ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтар және ақшалай сертификаттар алды.

«Намыс» және «INSIGHT» пікірталас клубтары ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор  В.Б. Молотов-Лучанскийге және Жастармен жұмыс жөніндегі бөліміне турнирдің дайындауға көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.

 

Фисенко Игорь (4-081 ЖМ)

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі,

Маликайдар Айжан (4-007 ЖМ)

 «Намыс» пікірталас клубының жетекшісі


0
6016

пікірлер

пікір қалдыру үшін.