Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Гистология және біз: ғылымдағы алғашқы қадамдар

Гистология және біз: ғылымдағы алғашқы қадамдар

27 Сәуір 2017

2017 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде халықаралық жас ғалымдардың және студенттердің «Білім әлемі және жастар: тенденциялар және белестер» атты конференциясы өтті. Бұл күн текке таңдалған жоқ: 12 сәуірде Қазақстанда «Ғылым қызметкерлері күні» аталып өтеді және осы күн адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанымен белгілі.

Конференцияға Қазақстан және шетел университеттерінің өкілдері қатысты. Конференцияның негізгі тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияда бірнеше секциялар болды: «Қоғамдық денсаулық сақтау және гигиена», «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау және қоғамдық гигиена», «Клиникалық медицина (терапиялық бағыт)», «Клиникалық медицина (хирургиялық және акушер-гинекологиялық бағыт)», «Молекулярлық биология, гистология», «Медицинадағы биофизикалық әдістер және компьютерлік технологиялар», «Гуманитарлық ғылымдар», Е-постер секциясы.  Мерекелік іс-шаралар ҚММУ-нің акт залында пленарлық отырыспен басталды. Ғылыми баяндамалар түрлі тақырыптар бойынша өтті: стафиллококктың зерттеулерінен бастап, канис терапиясының келешектері дейін, сонымен қатар сақтандыру медицинасын енгізу туралы тақырыптар козғалды. Пленарлық отырыстың соңында конференцияның қатысушылары бөлек дәрісханаларға өтіп, өз ғылыми жұмысын қорғауға мүмкіндік алды.

Конференцияны қорыта келе ең үздік баяндамашылар марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, ризашылық сөздері айтылды.

Біз, студенттер, осы конференцияның қатысушылары: Алдияр Гүлнәз, Жармаева Әсем, Иманбаева Әйгерім, Айтбек Самат, Бузанов Олжас, Жумашев Санжар - 3053 а. тобы; Ақназарова Жадыра, Исатай Сания, Сыздықова Аяулым - 3003 а. тобы; Мамарахим Арайлым, Рақымжан Нұржанат - 3002 а тобы; Самота Шраван Кумар, Чоудхари Махеш, Чоудхари - 2013 а тобы; Абдул Васим - 2014 а тобы – өз алғысымызды ұйымдастыру комитетінің төрайымы, стратегиялық даму, ғылым, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызына, ҚММУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Изденов Асет Қайратовичке, ғылыми және инновациялық қызмет менеджменті бөлімінің бастығы Еділбаева Танзира Тохтархановнаға білдіреміз және ерекше алғысымызды, көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін біздің ғылыми жетекшіміз Әлиева Маусым Жақсыбековнаға айтқымыз келеді.

  Біздің университетте жыл сайын өтетін ғылыми коференциялар – өзіңді тек қана зерттеушілік салада ғана емес, тұтас алғанда медицина әлемінде көру үшін өте игі мүмкіндік. Бұл бізге, медицина университетінің студенттеріне, өте жақсы бастау болып табылады. Біздің осындай конференцияға қатысып отырғанымыз алғаш рет емес. Қазір де жүрегімізде тек қана жылы сезім қалды. Біздің қолымызда, тек көпшілікке жұмысымызды көрсету мүмкіндігі ғана емес, басқа да, осы оқу орнының және де еліміздің өзге медицина университеттерінен келген, студенттерін тыңдау мүмкіншілігі болды. Баяндамашылардың мәлімдемелерімен танысу өте қызықты болды. Бұдан басқа, тыңдаушылардан кеңес пен ұсыныстар алудың көмегі тиді, бұларды біз алдағы жұмыстарымызда есепке аламыз. Осы ынтамызбен басқа да конференцияларға қатысып, жаңа зерттеулеріміздің нәтижелерін ұсынамыз деп үміттенеміз.

Авторлар: Алдияр Г., Иманбаева А.,

Жармаева А., Айтбек С.

3053 тобының студенттері,

Жалпы медицина және стоматология факультеті.


0
6035

пікірлер

пікір қалдыру үшін.